Денсаулық

Дәрі-дәрмек алу кезінде жемқорлыққа жол берілмейді

Жобалық кеңсе

Өткен жылдың  қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СК-Фармация — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Мақсат — «СК-Фармация» ЖШС қызметінде парасаттылық қағидаттары мен комплаенс саясатын енгізу.

Жобалық кеңсе мамандарының алдына серіктестік қызметінде қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу және HR-менеджмент стратегиясын әзірлеу міндеттері қойылды.

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында  2018 жылдан бастап дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету электронды түрде сатып алу жобасы бойынша  іске асырылды. Қағазбен жұмыс жасау толық жойылды. Сатып алудың электрондық форматы кезінде бірыңғай дистрибьютор қызметкерлері мен өнім берушілер арасындағы тікелей байланыс болмайды. Өнім берушілердің де, тендерлік комиссия мүшелерінің де әрбір іс-әрекеті электронды түрде жүреді.  Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.

2019 жылы сервистік қызмет көрсететін медициналық бұйымдарды сатып алу да электрондық форматқа ауыстырылды. Қызметтерді сатып алу бойынша тендерлік рәсімдердің ашықтығын және транспаренттілігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибьютор Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми аккаунтында негізгі тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырады.

Сондай-ақ тегін берілетін дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі мен күні туралы ақпаратты ұсынатын 1439 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

Науқастардың тиісті дәрі-дәрмектерді алғаны SMS-хабарлама арқылы бақыланады.  Пациенттер SMS-хабарламаға жауап ретінде 2881 номерін жібереді. Осындай бақылау кезінде  441 пациенттің препараттарды алмағаны, 32 адамның диспансерлік есепте тұрмағаны анықталды. Сондай-ақ  ешқашан тегін дәрі-дәрмек алмаған10 пациентке дәрі-дәрмек берілді. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардағы тегін дәрілердің бірыңғай электрондық анықтамалығы іске қосылды. Ол интерактивті карта форматында орындалады, онда пациенттер өздері медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар туралы ақпараттарды онлайн режимде көре алады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button