Басты жаңалықтар

Парламент депутаттары оң пікір білдірді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Марат Тағымов,  Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Глеб Щегельский, Асылбек Смағұлов, Құралай Қаракен, Дания Еспаева,  Сергей Симоновтармен кездесті.

Ақтөбе өңірінде болған бір апталық  жұмыс сапарларын қорытындылаған депутаттар  облыс басшысына  атқарылған жұмыстар үшін разылықтарын білдірді. Халық қалаулылары Алға, Мәртөк, Қобда аудандарындағы шалғай ауылдарда болып тұрғындармен кездесті.

«Алыстағы ауылдарда болып, халықтың жағдайын білдік. Салыстырмалы түрде қарағанда тұрындардың тұрмыс-тіршілігі жақсы. Ақтөбе өңірінде атқарылып жатқан игі жұмыстар үшін өзіңізге алғыс білдіреміз», — деді Марат Тағымов.

Облыс басшысы алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірқатар мәселелер бойынша  жұмыстар жасалып жатқандығын айтты. Жуық арада көгілдір отын, интернет желісімен қамту мәселелері  жүйелі түрде оң шешімін табатындығын жеткізді.

«Елді мекендерді аралап, халықтың көкейіндегі мәселелерді тыңдағандарыңызға әлеуметтік ахуалмен танысқандарыңызға рақметімді айтамын. Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жасаған іссапарынан кейін өңірде  көптеген жұмыстар атқарылып, әлеуметтік проблемалардың шешілуіне ерекше көңіл бөлінді» — деді Оңдасын Оразалин.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button