Жаңалықтар

Шығын көлемі анықталып жатыр

Анық-қанық

Мұғалжар ауданындағы Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің РВС-3000 резервуарында мұнай қалдықтары өртенді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жаудың кесірінен болған шығын көлемі анықталып жатыр.  

8 қаңтарда сағат 18.20-да «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің №1 газ өңдеу зауытынан өрт шыққан. Осы жағдайға байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Асқар Төлешев журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, Жаңажол кен орнындағы мұнай-газ өңдеу кешені аумағында

3000 текше метр мұнай қалдықтарына арналған пайдаланылмайтын апаттық резервуарда пирофорлық шөгінділер өртенген. Яғни су қосылған мұнай қалдықтары «Октябрь» мұнай өңдеу басқармасына тиесілі.

Өртті сөндіруге құрамында 8 бірлік техника мен 35 адамы бар өртке қарсы қызмет, сондай-ақ қосымша Ақтөбе қаласынан  «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінен 25 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 22.59-да толықтай жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына негізгі себеп — дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, — деді А.Төлешев.

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдар аралығында Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде осымен екінші рет өрт оқиғасы  тіркеліп отыр. Бүгінгі күні құзырлы органдар өрттен келген шығынның көлемін анықтауға кіріскен.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button