Әкімдер есебі

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімі Бағжан Тілегеновтің «2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог —  Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталып, басым бағыттарды айқындап берді.

Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.

Тұрғындармен байланыс орнату және Астана ауданы әкімі аппаратының жұмысы мен іс-шаралардың өткізілуі жөнінде ақпарат тарату мақсатында http://astana.akt.gov.kz ресми интернет ресурсы, инстаграм, фэйсбук әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларында тұрақты түрде ақпарат жаңартылып, тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қарастырылады.

2019 жылы «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, Астана ауданы әкімдігіне 273 тұрғын жолығып, барлығы 384 сұрақ түсті. Соның ішінде, тұрғын үй — 73, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау — 120, әлеуметтік мәселелер, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек даулары және басқа мәселелер — 86, жер мәселелері — 50, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік желілер жүргізу — 55 сұрақ. Бүгінгі күні аталған сұрақтардың 125-і шешімін тауып, 259 сұраққа түсініктеме беріліп, қажетті құжаттарды жинақтауға көмек көрсетілді.

Ақтөбе қаласы Астана ауданы бойынша құжатайналым 4071 бірлікті құрады. Жеке және заңды тұлғалардан 228 өтініш тіркеліп, 47 азамат аудан әкімінің жеке қабылдауында болды.

Астана ауданының жалпы ауданы — 0,9 мың ш.шақырым. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерге сәйкес, ауданның халық саны — 270 мыңнан астам.

ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ

 Аудан аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және қоқыс шығару жұмыстарымен «NEO PLUS» ЖШС айналысады.

Ауданның санитарлық жағдайын жақсарту және облыс әкімімен бекітілген жоспарды іске асыру мақсатында 2019 жылы көктемгі (30 наурыз – 1 маусым аралығы) және күзгі (21 қыркүйек – 2 қазан аралығы) кезеңдерде жалпықалалық сенбіліктер өткізілді. «Бірге-Таза Қазақстан» акциясы және жалпықалалық сенбіліктер аясында 40 мың адам және 188 бірлік техника жұмылдырылып, қалалық полигонға 500 тонна қоқыс шығарылды.

Ағымдағы жылы «Республикалық орман отырғызу» атты республикалық акция аясында, бекітілген учаскелерде 12 мыңнан астам көшет отырғызылды, оның ішінде мектеп аумағында — 1800, саябақпен скверлерде — 4500, ПИК және кондоминиум аумақтарында — 600, бау-бақша ұжымдарында — 800, орта және кіші бизнес субъектілерінде — 4500 түп көшет.

Жазғы мезгілде жасыл желектерді суару үшін Әбілқайыр хан даңғылында жалпы ұзындығы 2640 м және Бөкенбай батыр көшесінде жалпы ұзындығы 4430м құрайтын су құбырының құрылыстары жүргізілді.

АБАТТАНДЫРУ

Аудан аумағында жалпы ауданы 1,3 млн шаршы метр болатын 56 скверлер мен саябақтар бар. Қаланың 150 жылдығын мерекелеу аясында облыс аудандары қолданыстағы 1 саябаққа жаңарту жұмыстары және 3 жаңа саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні түгендеу нәтижелері бойынша аудан аумағында 234 балалар ойын алаңдары бар. 2019 жылы 14 балалар ойын алаңдары орнатылды.

Өткен жылы Астана ауданының аумағында 6032 ш.м. жаяу жүргіншілер жолдары (тротуарлар) салынды.

Қазіргі уақытта аудандағы 118 көшеде 8463 көше жарықтандыру тіректері мен 1020 торшерлерге қызмет көрсетіледі, онда электр жеткізу желілерінің жалпы ұзындығы — 244 292 метр, кабельдік желілер — 52 785 метр.

Аудан бойынша 63 көшесінде ұзындығы 258 817 метр болатын суағар арықтар бар. 2019 жылы жаңбыр мен еріген суды кетіру үшін канал салуға бөлінген қаржыға Жаңақоныс тұрғын алабына Алматы көшесіне. («Асанәлі»ЖШС) — ұзындығы 271 м суағар арығы салынды.

ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

 2019 жылы Астана ауданы аумағында келесі жұмыстар жүргізілді:

– «Бауырластар-1» (2 кезең) тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жүргізілді, 267 жер телімін қамтиды;

– «Бауырластар-3» тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жүргізілуде, 1042 жер телімін қамтиды.

– «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жүргізілді (1067 жер телімі);

– «Думан» тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы 967 жер теліміне жүргізілуде.

– «Бауырластар-4» тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жүргізілуде, 532 жер телімін қамтиды;

– «Бауырластар-1» (2 кезең) тұрғын алабында газ желілерінің құрылысы жүргізіліп, 267 жер телімін қамтиды;

– «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында газ желілерінің құрылысы жүргізіліп, 1067 жер телімін қамтиды;

– «Думан» тұрғын алабында газ желілерінің құрылысы жүргізілуде, 967 жер телімін қамтиды;

– «Бауырластар-4» тұрғын алабында газ желілерінің құрылысы жүргізілуде, 532 жер телімін қамтиды.

Сонымен қатар, демеушілер көмегімен Жаңақоныс тұрғын алабындағы 40 лет Победы, Садовый тұйық көшесі, Ленин көшелеріндегі екі қабатты 5 үйдің кәріз желілері жаңартылып, орталықтандырылған кәріз желісіне қосылды.

Кәріз люктерінің ұрлануының ұлғаюына байланысты, аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары және коммуналдық қызмет өкілдерінен жұмыс тобы құрылды. Рейдтік іс-шаралар кезінде талапқа сай келмейтін 206 люк пен құдықтар аңықталды. Қазіргі уақытта 206 люктердің 194-і сәйкестікке келтіріліп, ал қалған 12 құдық иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес кемшіліктерді жою туралы әкімшілік материалдар толтырылып, ұйғарым берілді.

ЖОЛ КӨЛІГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Астана ауданы бойынша ұзындығы 295 062 м. болатын 324 көше бар, оның ішінде, асфальтбетон жамылғысы — 154 187 м, қиыршық тас — 20 293 м, құм жабындысы — 120 582 м.

2019 жылы Арынов және Мәңгілік Ел көшелері жолдарына қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бөкенбай батыр көшесінен бастап М.Мәметова көшесіне дейін ішкі кварталдық өту жолдарына ұзындығы 423 метр болатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жалпы 5007 ш.м. құрайтын Әуеқалашық, Мәскеу ауданы және орталық көше жолдарына жүргізілді. Сонымен қатар, «Бауырластар-2» тұрғын алабына ұзындығы 3000 метр жолдарына қиыршық тастар төселді.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ

 «Астана» ауданы аумағында 1252 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 260 үй 659 лифтімен қамтамасыз етілген. Бұл үйлерде 96 ПИК, 372 кондоминиум нысандары және 190 үйге ерікті негізде қызмет көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Астана ауданында 2019 жылы аудан аумағында 5 үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

Лифт шаруашылығын жаңғырту аясында аудан аумағы бойынша 10 үйдің 16 лифтісі «Жігер Ақтөбе» ЖШС мердігерлік мекемесімен ауыстырылды.

Ауданда 15 құрылыс компаниясы жалпы ауданы 225,195 шаршы метр болатын жалпы саны 27 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға берілді.

Аудан аумағында 10 апаттық жағдайдағы үйлер орналасқан. Аталған жағдайды шешу үшін апаттық үйлерді сатып алып, бұзып, орнына тұрғын үйлер салу мақсатында құрылыс компанияларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күні «Жастар құрылыс» құрылыс компаниясы өз қаражатына Жаңақоныс тұрғын алабынан 150 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң жоғарыда аталған апаттық жағдайдағы 5 үйден 58 отбасын орналастыру жоспарлануда.

«АктобеЖилСтрой» Тұрғын үй құрылыс компаниясы Маресьев, 31 орналасқан үйдің меншік иелеріне уақытша баспана ұсынылып, ескі үйді бұзып, орнына 5 қабатты тұрғын үй салу жұмыстарын бастады.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Астана ауданы бойынша 43 мектеп, оның ішінде, 3 ауысымдық — 4 мектеп бар (56, 12, 63, 64 мектептер). 30 мемлекеттік және 41 жеке балабақшалары, 10 облыстық және 2 қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, 22 жеке спорт кешендері, 4 жоғары оқу орны, 14 колледж, 7 Мәдениет үйлері мен кешендер, 6 кітапхана, 12 мектептен тыс ұйымдар және 1 аула клубы қызмет етеді. Мектептерге жүргізілген талдау қорытындыларына сәйкес, 2019 жылы №1, 3, 36, 40, 68, 69 орта мектептердің айналасына 2389,6 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы салынды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Батыс-2 ауданында жалпы аумағы 3750 шаршы метрді құрайтын 150 орындық балабақша іске қосылды және Құрашасай ауылында 600 орындық мектеп ашылып, №58 мектептің 2 ауысымдыққа көшу мәселесі шешілді. Ал № 56 орта мектепке қосымша кеңейтім салу жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы №9, №21, №27, №37 мектептерге қосымша кеңейтім салу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Қазіргі таңда, Батыс-2 шағын ауданының халық санының өсуіне байланысты 1200 және 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.

Қайырымдылық. Жалпы аудан бойынша 2019 жылы 63 қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып,1654 адам қамтылды.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары жазғы демалыстарын көңілді өткізу үшін 4575 оқушыға жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастырылды.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балалардың жазғы демалысын көңілді де қызықты өткізу мақсатында Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 216 бала көңіл көтеру орталықтарына барды.

Астана ауданының әкімдігі және демеушілердің қолдауымен Астана ауданы әкімдігі ұйымдастырған ашық есік күндері өздерінің өтініштерімен келген 27 көп балалы және аз қамтылған отбасына азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсетілді.

Мектепке жол акциясы аясында Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 балаға толық қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешекпен демеушілік көрсетілді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді курстардан 523 адам оқытылып, оның ішінде 416 адам аяқтап, 314 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (ТИПО) үшін жоспар бойынша 330 адам, Астана ауданы бойынша бағытталғаны 205 адам.

Екінші бағыты бойынша 2019 жылы 80 адамға — 918,9 млн теңге көлемінде шағын несие берілді. Астана ауданы бойынша 100 АЕК-ке (252 500) дейінгі грант — 6 адамға және 200 АЕК-ке (505 000) дейінгі грант — 148 адамға берілді.

«Жас кәсіпкер» жобасы аясында 1 айлық кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына Астана ауданы бойынша — 210 адам бағытталып, оның 189-ы оқуын аяқтады.

Бизнес бастау жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға Астана ауданы бойынша 394 адам бағытталды, оның ішінде 376 адам оқуды аяқтады.

Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 167 адам жолданды, 106 адам аяқтап, оның ішінде 85 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар іс тәжірибесіне 764 адам жолданып, оның ішінде 488 түлек аяқтап, 347 түлек тұрақты жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмысқа 709 адам бағытталды.

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығымен 10 кезекті және 4 мамандандырылған бос жұмыстар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 632 адам жұмысқа орналасты.

Атаулы әлеуметтік көмек: Астана ауданы бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек — 4871 отбасыға (22848адам), оның ішінде шартты ақшалай көмек 3838 отбасыға (19156), шартсыз ақшалай көмек 1032 отбасыға (3691адам) тағайындалды. Астана ауданы әкімдігінде 438 отбасының өтініші қабылданып, құжаттар әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолданып, 347 отбасына тағайындалды.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Астана ауданы бойынша тіркелген заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер саны —  32,8 мың.

Тұрғындарға сапалы әрі арзан жергілікті тауарларды ұсыну мақсатында 2019 жылы 30 ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Қасымбектің 2019 жылғы 1 тамыздағы «Аймақтарды маркетингтік (скрининг) зерттеу жүргізу» тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарымен жұмыс жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты — кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарының әлеуетті мүмкіншілігі мен қажеттіліктерін анықтау арқылы елді мекендерге маркетингтік талдау жүргізу. Зерттеу кәсіпкерлердің үй шаруашылықтарының статистикалық және сауалнамалық деректерін талдауға негізделген. Сонымен бірге зерттеудің неғұрлым терең нәтижелерін алу және жаңа кәсіпорындар ашу арқылы елді мекендерді дамыту. 2019 жылдың 1 қарашасына дейін жоспарланған 7075 (100%) үй шаруашылығына сауалнама уақытылы толтырылып, орталықтандырылған «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы (http://opros.atameken.kz/) базасына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы

Аудан бойынша — 33 567 га ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер — 33 383 га, егістік — 5 683 га, шабындық — 15,0га, жайылымдық — 19 996 га, суармалы жерлер — 25 га, тыңайған жерлер — 7 664 га және басқа жерлер — 184,0 га.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық құрылымдарының саны — 35. Оның ішінде 3 ЖШС, 26 ш/қ, 6 АШК.

2019 жылы Астана ауданы бойынша барлығы — 3198 га егіс алқабына егін егілді. Оның ішінде суармалы жер алқабы — 21 га, дәнді дақылдар — 2020 га., майлы дақылдар — 1157 га, мал азығы дақылдары — 2730 га.

Аудан бойынша 2 жылыжай шаруашылықтары 2,2 га алқапта қияр-қызанақ өнімдерін өндірумен айналысуда. 2019 жылы барлығы 248,0 тонна өнім жиналды.

Ауданға қарасты ауылдық мекендерде мал шаруашылығы бойынша АШЖБ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ИСЖ) және АТЖ (ақпараттық талдау жүйесі ИАС) бағдарламаларының мәліметіне сәйкес: ірі қара мал — 3131 бас, жылқы — 578 бас, ұсақ қара мал — 7184 бас, түйе — 76 бас, шошқа — 77 бас.

Дәстүрлі емес шаруашылықтармен айналысатын 2 кооператив бар. Оның ішінде «Шекшек Ата» кооперативі сүтті бағыттағы ешкі өсірумен айналысады. Ал екінші, «Максим» шаруа қожалығы құс өсіру түрімен айналысады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button