Әкімдер есебі

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаевтың «2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы» есебінің тезистері

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелері айтылды. Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды. Осы орайда Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы Алматы ауданы құрамына 28 елді мекен кіреді. Тұрғындардың саны – 230 мың адам, аудан аймағы — 175 187 гектар.

2019 жылы жеке және заңды тұлғалардан 487 арыз-шағым түсіп, тұрғындармен 15 кездесу өткізілді. Нәтижесінде тиісті жоспар құрылып, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, газ, сумен жабдықтау, қоғамдық көлік қозғалысы, жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңдарын салумен қатар басқа да жұмыстар жүргізілді. Барлық келіп түскен 487 өтініш уақытылы қаралып, жауаптары берілді.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабында жылдың соңына дейін пайдалануға 94,9 мың м2  немесе 1337 пәтер берілді.

2019 жылы аудан аумағында 9 басқарушы компания санитарлық тазалау жұмыстары бойынша жыл басынан бастап 1 мамырға дейін қызмет көрсетті. 2019 жылдың 1 мамыр айынан аудан аумағын санитарлық тазалау бойынша 3 лотқа бөлініп, келісімшартқа сәйкес 3 мердігер компания «Протон МК» ЖШС (аумағы — Заречный-2,4, Қарғалы, Ақжар-1, Қызылжар-1,2,3, Нұр Ақтөбе, К.Нокин, Пригородное, Шилісай, Бекқұл баба, Рауан тұрғын алаптарында), «Қарғалы Сервис» ЖШС (аумағы — Ясное-1,2, 41 разъезд, ГМЗ, ескі қала,Малышка аудандары), «Өтес Ақтөбе» ЖШС (аумағы — Құрмыш ауданы, Ақжар-2, Кірпішті, Қурайлы, Өрлеу тұрғын алаптарында) қызметін бастады.

Аудан аумағында  311 қоқыс алаңы мен 1150 қоқыс контейнері бар.

2019 жылы қаланың ескі бөлігіндегі Ш.Уәлиханов көшесі №29 көпқабатты үй маңына жаңадан контейнерлерге арналған қоқыс алаңы салынды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша аудан аумағында 2 мердігер мекеме қызмет көрсетіп келеді. Олар: «Нео плюс» ЖШС (аумағы — ГМЗ, Ясное — 1,41 разъезд) және «Басқарушы Компания №27» ЖШС(аумағы — Құрмыш, қаланың ескі бөлігі, Ақжар 1,2, Заречный 1,2,3,4, Қарғалы, К. Нокин, Пригородное, Садовое, Бекқұл баба, Рауан, Қурайлы, Өрлеу).

Қазіргі таңда «Басқарушы компания №27» ЖШС тұрғындардың төлемді уақытылы жүргізбеуіне және арнаулы техникалардың жетіспеуіне байланысты өз жұмысын тоқтатып, қала әкімдігінің шешімімен 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жеке кәсіпкер «Таза Қарғалы» тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын жалғастыруда.

Алматы ауданына қарасты Өрлеу, Бекқұл баба, Ясный, Ақжар-2 тұрғын алаптарына жалпы ұзындығы 10,110 м көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы Алматы ауданы аумағында жалпы ұзындығы 3,900 м көше жолдарына қиыршық тас төселді. Олар — Шилісай, Заречный-1, Сая тұрғын алаптары.

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Алтын бесік» балабақшасының аумағы, Қарғалы тұрғын алабының Байғанин, Кургулова көшелерінде, Заречный-2 тұрғын алабының №46 орта мектебінен Хромтау тас жолына дейін, Заречный-4 ауылындағы «Нұрай» балабақшасынан Қарғалы елді мекенінің Сәтпаев көшесіне дейін, Заречный-4 тұрғын алабының №55 орта мектебінен «Ақтөбе-Орск» тас жолына дейін, Алматы ауданы әкімдігінің ғимаратынан  Өрлеу тұрғын алабындағы №57орта мектебі аумағы, Ақжар-2 тұрғын алабының Ұшқиян көшелеріне жалпы көлемі 5950 м2 жаяу жүргіншілер жолы төселді.

Елді мекендердегі істен шыққан 4000 көше жарықтары шамдарын толықтай ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы бөлінген қаржы көлеміне сәйкес аудан бойынша 10 көшеге 139 дана көше жарық шамы орнатылды. (Олар: Заречный-2, Имашев көшесі — 9 дана, Заречный-1, Телефонная көшесі — 14 дана, Заречный-2, Попов көшесі — 5 дана, Ақтөбе-Орск тас жолынан Қайдауыл батыр көшесіне дейін — 20 дана, Ақшат ескі бөлігі — 4 дана, Ақшат-2 — 14 дана, Ақжар-2 — 14 дана, Рауан — 55 дана, Рауан-2 — 14 дана).

Асау Барақ көшесінде 75 дана, Берсиев көшесінде 24 дана, Бурабай көшесінде (Кобозев) 54 дана — барлығы 153 дана ескі шам жаңа ЛЭД шамына ауыстырылды.

Белогор, Өрлеу елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз ету үшін су құбырлары жүргізілді. Сонымен қатар Қарғалы, Заречный-1 тұрғын алаптарындағы су құбыры желілеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдың 15 қазанынан бастап қысқы мезгілде автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 7 мердігер мекеме өз жұмыстарына кірісті («ДЭУ 2010» ЖШС, «Ерхат жолдары» ЖШС, «Financial Word» ЖШС, «БошанТрансАвто» ЖШС, «Universal 3Q» ЖШС, «АГДС» ЖШС, «Дорожник» ЖШС).

Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында Алматы ауданы бойынша суға кету қаупі бар 16 аумақ анықталып, «Қызмет Групп» ЖШС  мекемесінің арнайы техникаларымен арықтар қазу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша суағарлар қоқыстан тазартылып, қалыпқа келтірілді. Үйлерді су басу қаупі бар орындарға 200 тоннаға жуық инертті материал жеткізілді.

Кірпішті тұрғын алабында орналасқан «Extremе park» мотомектебі, Ерназар көшесі, Ташкент көшесінен Жиенбаев көшесіне дейін, Трудовая көшелеріне су ағар салу құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар Өлке тұрғын үй алабында су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді.

Аудан аумағына 2019 жылы 3 автобус аялдамасы орнатылды.

2019 жылдың көктемгі және күзгі мезгілдерінде әрбір сенбі сайын аудан аумағында қалалық сенбіліктер өткізіліп, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ПИК, кондоминимум, колледж, университет студенттері және тұрғындар қатысып, нәтижесінде 25 мың адам,57 техника жұмылдырылып, жалпы көлемі 929 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Жұмыс тобының тексеруі барысында Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша 150 ашық және жарамсыз құдық анықталып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар аудан аумағында метал қабылдайтын 37 пункт анықталды. Оның 7-еуінен кемшілік анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес кемшіліктерді жою туралы әкімшілік материалдар толтырылып, ұйғарым берілді.

2019 жылдың мамыр айынан бастап 9 500 түп қураған ағашты кесу және жасарту жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында 2 203 м2 гүл егу және 11 639 м2 гүлзар алаңдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылды.

Аудан аумағында көктемгі және күзгі сенбіліктер, жалпы республикалық ағаш отырғызу акциясы аясында 3378 түп жас көшет отырғызылды. 2300 түп көшет әлеуметтік нысандарға, 1078 түп көшет Ақжар-2 тұрғын алабында жаңадан бой көтерген саябақ алаңына егілді.

Әлеуметтік сала

Ақтөбе қаласы Алматы ауданы аумағында білім беру мекемелері және мәдениет ошақтары саны: 42 орта мектеп, 9 арнаулы орта, 3 жоғары білім беретін мекеме, 2 музыкалық мектеп, 2 спорттық мектеп, «Жас натуралистер станциясы», 2 Мәдениет үйі, 9 кітапхана.

Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар саны — 84, оның ішінде 17 мемлекеттік, 67 мемлекеттік тапсырыспен жасайтын балабақша орналасқан.

Денсаулық саласында 30 нысан қызмет көрсетеді (6 аурухана, 3 емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт және 7 жеке медициналық орталық).

2019 жылы Ясное-2 тұрғын алабында жаңа амбулатория, Ақшат тұрғын алабында 140 балаға арналған «Алаң» балабақшасы, Украинка және Бекқұл баба тұрғын алаптарында 300 балаға арналған мектеп пайдалануға берілді.

Кәмелетке толмаған ісі жөніндегі инспекторлар «Жастар кеңесімен» бірлесе отырып, 2019 жылы қаңтар айынан бастап жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында кешкі 8 рейд ұйымдастырылды.

Ауданға қарасты мектептер бойынша 6 қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмағандар арасында полицияның есебінде 18 оқушы, мектепішілік 100 оқушы есепке алынған. Осы оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бос уақыттары ерекше бақылауға алынды.

Ағымдағы жылы 51 мерекелік және спорттық шаралар өткізіліп, 20 мыңға жуық тұрғын қатысты.

Аудан бойынша 54 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 1557 адамға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар маусым және қазан айларында орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында, мешіттерде және басқа ұйымдарда теологтардың қатысуымен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында «Экстремизм, терроризмнің алдын алу» жоспарына сәйкес 35 кездесу өткізіліп, 518 адам қамтылды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларына 43 құжат қабылданып, 34 көпбалалы аналарға алқалар табысталды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:

Қысқа мерзімді кәсіби оқуға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға (аспазшы, тігінші, тәттігер, электрик, автоэлектрик, газдәнекерлеуші, жүк тиеуші жүргізушісі, шаштараз, маникюр) 349 жұмыссыз жолданып, 277-сі курстарын аяқтады. 209-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арқылы 32 адам 377 032,0 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 17 адам 149 300,0 мың теңге, Ақтөбе ауыл микрокредит арқылы 1 адам 16 млн теңге, «Ақтөбе Несие» ЖШС арқылы 1 адам млн теңге қаржы көлемінде шағын несие алды.

Барлығы 2019 жылы 51 адам 548 332,0 мың теңге қаржы көлемінде шағын несие алды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз бизнесін ашуға 98 адам 47 589 128 теңге қаржы көлемінде грант иегерлері атанды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кәсіпкерліктің негіздерін оқыту мақсатында 1 айлық курсына 140 адам оқуға бағытталып, 126-сы оқуын аяқтады. «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту мақсатында 263 адам оқуға бағытталды, оның ішінде 251 адам оқуды аяқтады.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде:

Жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын дамыту:

– әлеуметтік жұмыс орындарына 112 жұмыссыз жолданып, 71 адам аяқтап, 57-сі жұмысқа орналастырылды.

– жастар іс-тәжірибесіне 509 түлек жолданып, 326-сы аяқтады, жұмысқа орналастырылғаны — 232 түлек.

– ақылы-қоғамдық жұмысқа 232 жұмыссыз жолданды.

Сонымен қатар студенттер мен жоғары сынып оқушыларына «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында 241 адам жолданды. Акция аясында жоғары сынып оқушылары мен студенттер жазғы демалыс кезінде қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылды.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту орталығы арқылы 153 адам бағытталды.

Алматы ауданы бойынша 6811 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның мемлекеттік қолдау шараларынсыз 4286 адам, өз бетінше Enbek.kz порталы арқылы 2525 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

2017-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 4568 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жыл басынан бері Ақтөбе қаласы бойынша 10 кезекті және 4 мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде Алматы ауданы бойынша 421 адам жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны — 597.

Атаулы әлеуметтік көмек

Алматы ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны — 5954 отбасы. Оның ішінде 4692-сі — шартты атаулы әлеуметтік көмек (1 жыл мерзімге), 1262-сі —шартсыз атаулы әлеуметтік көмек (6 ай мерзімге) алады.

 Кәсіпкерлікті дамыту және ауылшаруашылық саласы

 Алматы ауданы бойынша бүгінгі таңда кәсіпкерлік бағытында қызмет ететін барлық тұлғалар саны — 17,5 мың, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер — 4,8 мың, жеке кәсіпкерлер — 12,7 мың.

«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және өңірлік инвестициялық жобалар аясында барлығы 27 жоба іске қосылып, жалпы құны 11 млрд 279 млн теңгені құрады. Оның ішінде индустриалды-инновациялық құны 7 млрд 842 млн теңгені құрайтын 5 жоба іске асты. Барлық жобалар аясында 929 адам жұмыспен қамтылды.

Алматы ауданы бойынша кәсіпкерлік нысандарының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін  8 жер телімі бөлінді. Олар: кемпинг — 1, газ құю станциясы — 2, көлік жуу бекеті — 1, жылыжай — 2, құрылыс материалдар және ТҚС — 1, санитарлық-гигиеналық қағаздарды шығару цехы — 1.

Ауданның қолданыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері – 56 086 га, оның ішінде егістік – 14124 га, шабандық – 2728 га, жайылым – 31734 га, тыңайған жерлер – 3945 га. Ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істеп тұрған тауар өндірушілер құрылымының саны — 116 (11 ЖШС, 9 а/ш кооперативі, 92 ш/қ және 4 өндірістік кооператив). Құрамында 500-ден астам жұмысшы қызметкер еңбек етуде.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат Qoldau.kz электронды порталына енгізілді. Енгізілген шаруашылық жерлердің аумағы — 56086 га.

Өсімдік шаруашылығында өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары барлығы егіс көлемін 11 948,0 га, оның ішінде жаздық мақсатты дәнді дақылдар — 3 010 га, майлы дақылдар — 18 га, мал азығы дақылдары — 8 290 га, картоп — 311 га, көкөніс — 196 га, бақша — 123 га құрады.

Картоп дақылы 311 гектарға егіліп, одан 4535 тонна өнім жиналды. Ауданымыздың ірі шаруашылықтарында өндірілетін картоп, көкөніс өнімдері толығымен қала тұрғындарын қамтамасыз етумен қатар, облыс аудандарына сатылуда.

Есептік кезеңде тұрақтандыру қорына «Пригородный» АШҚ 1000 тонна картоп, 200 тонна жуа, 100 тонна сәбіз, 100 тонна капуста тапсырды.

2019 жылы «Пригородный» АШҚ және «Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС барлығы 358 га жерге күздік қарабидай егу жұмыстарын жүргізді.

Есепті кезеңде «Green Capital Kazakhstan» ЖШС 5-ші буындағы жаңартылған жылыжай кешені іске қосылып, 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Алғашында 5,5 га алқапқа құрылған негізгі блокта жылына 2,7 мың тонна қызанақ өндіріледі. Алдағы уақытта қосымша 15 га жерге жылыжай салыну жоспарлануда.

Алматы ауданына қарасты мал шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалардың мал басы саны бойынша, АШБЖ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ИСЖ) және АСЖ (ақпараттық талдау жүйесі ИАС) бағдарламаларының мәліметіне сәйкес тіркелген ірі қара саны — 7 008, жылқы — 3 169, түйе — 98 бас, қой, ешкі — 12 680, шошқа — 174.

2019 жылы 23 мәрте ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

Көшедегі қаңғыбас иттерді аулау бойынша «Ветстанция» КМК-мен бірлесіп жұмыс жасалып, жыл бойы 3082 ит ауланды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button