Жаңалықтар

Облыс әкімі 100 жасқа толған әжейді құттықтады

1 қаңтар күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин 100 жасқа толған ақтөбелік Алуа Ержанованы туған күнімен құттықтады.

—  Балаларыңыздың ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешіп отырған сіздей аяулы жанды ең бақытты адам деп айтар едім,—  деген облыс әкімі әжеге денсаулық тіледі, ықылас гүлін ұсынып, Ақтөбенің 150 жылдығына арналған мерекелік медальді тақты.
Алуа Ержанова — еңбек ардагері. Соғыс жылдары тылда жұмыс істеген. Кейін Ақырап орта мектебінде кіші қызметкер ретінде жұмыс атқарып, сол мекемеден еңбегі еленіп, зейнеткерлікке шыққан. Ал жолдасы Мұқан  Ержанов соғысқа қатысқан. Елге келгеннен кейін еңбекке араласып, халықтың әл-ауқатын көтеруге күш салған. 1965 жылы дүниеден өтеді.

Алуа әже 21 немере, 45 шөбере және  бір шөпшек сүйіп отыр.

Қария алғысын айтып, келгендерге батасын берді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button