Басты жаңалықтарМереке

Құрметті ақтөбеліктер!

 

Міне, Жаңа — 2020 жылды қарсы алып отырмыз.

Өткен жыл ел тарихындағы елеулі оқиғаларымен есте қалды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігін тапсырып, мемлекет басшылығын қолына алған Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығын, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, ел үмітін ақтады.

Тарихқа енген Доңыз жылының  Ақтөбе өңірі үшін де бергені мол, берекелі кезең болды.

Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар салынып, жаңа мектептер мен ауруханалар, балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Бірқатар елді мекендерімізге газ тартылып, сумен қамтамасыз етілді.

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы да абыроймен атқарылды. Бүгінгі күні облыс орталығы тұрғындарының саны 500 мыңға жетті. Біздің облысымыз инвестиция тарту, салық жинау және бюджетті толықтыру бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді.

Осының бәрі береке мен бірліктің, еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың жемісі.

Қол жеткізген жетістіктерімізбен бірге көпшілік болып шешетін проблемалар да аз емес. Олар — экология және инфрақұрылым проблемалары, жол мен көшелердің жағдайы,  тіршілік сапасын жақсарту, еңбекақыны көтеру, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, тұрғындарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Біздің облысымыз бұл бағытта болашаққа сенімді қадам басуда, өйткені, әрбір ақтөбеліктің  тіршілік сапасын жақсартуға бағытталған белгіленген жобалар дер кезінде жүзеге асырылатындығына барлық негіз бар деуге болады.

Қымбатты жерлестер!

Келіп тұрған жаңа жылымыз құтты болсын!  Сәттіліктері мен жақсылықтарын ала келсін!

Шаңырақтарыңыз шаттық пен жылылыққа, мейірімге толсын! Жаңа жылда барлығыңызға амандық тілегім келеді. Армандарыңыз орындалып, сенімдеріңіз ақталсын! Жаңа жыл — ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тыныштықтың жылы болғай!

Ақтөбе облысының әкімі

Оңдасын ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button