Жаңалықтар

Азық-түлікті қымбаттатпауды тапсырды

Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен  аппарат отырысы өтті.  Облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысқан жиында бірнеше  мәселе талқыланды.

Аймақтағы  экономикалық көрсеткіштер бойынша, көтерме және бөлшек сауданың жоспарланған өсу қарқыны орындалмай қалуы мүмкін. Жоспар  бойынша 104% болса, болжам — 102,5%. Облыс әкімі  кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлшат Берқалиеваға  Ақтөбе қалалық әкімдігі кәсіпорындарымен бірлесіп, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету керектігін тапсырды. Мереке қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және жанар-жағармай бағасының қымбаттап кетпеуін ескертті, яғни бағаны қадағалау керектігін айтты.

Мейрамға қарсы баға шарықтап кетпеуі тиіс. Инфляция республикалық көрсеткіштен төмен болуы керек, — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Оңдасын Оразалин облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Төлешовке  мейрам күндері қауіпсіздік шараларын күшейтуді, яғни  өрт қауіпсіздігі, тайғақ жолдарға құм, тұздың себілуін қамтамасыз етуді тапсырды.  ІІД басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиевке жол-көлік қозғалыстарын реттеу, қоғамдық орындарда азаматтардың қатаң тәртіп сақтауын қадағалауы керектігін айтты.
Көше жолы мен  тротуарларда жиналған  қар мен мұзды уақытында тазалау керек. Қазандық және май құю станциялары отын қорымен уақтылы қамтамасыз етілуі тиіс, — деген өңір басшысы осы шаруаларға немқұрайлы қарамауды ескертті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button