Спорт

Дәуреннің жеңісі

Ақтөбелік Дәурен Ермеков уақытша чемпиондық белбеуге ие болды.

Аралас жекпе-жектен жуырда Алматыда өткен GFS 23 турниріндеGFS нұсқасы бойынша 84 кг салмақ дәрежесінде уақытша чемпиондық атаққа Arlan MMA Pro Team командасының мүшесі Дәурен Ермеков пен ресейлік Артур Гусейнов таласты. Бұл осы кештің басты жекпе-жегі болды.

Жекпе-жек үш раундқа созылды. Дәурен төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

Ол бұл жекпе-жекке Алматыдан арнайы келген Arlan MMA Pro Team командасының мүшелерімен бірге Ақтөбеде әзірленіпті.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button