Мереке

Отшашудан абай бол!

Жаңажылдық мерекенің қарсаңында қала базарлары мен сауда орындарында түрлі бенгал оттары, түтіндету құтысы, петарда, фейерверк және басқа да пиротехникалық бұйымдар көптеп сатылады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті тұрғындарға мына жайттарды ескеруді ұсынады:

– сауда нысандарынан жарамдылық мерзімі өткен, бұзылу белгілері бар және қолдану нұсқамасы жоқ пиротехникалық бұйымдарын сатып алмауды;

– қолдану алдында өндіруші нұсқамасымен мұқият танысуды;

– білте шамын жағу алдында бұйымның қай бөлігінен шоқтардың шығатынын анықтап алуды, сондай-ақ отшашуларды (фейерферктер) адамдарға қарата жағуға болмайтынын;

– отшашуларды жандыру алдында ағаш, электр тарату желісі өтпейтін және басқа да бөгеттері жоқ ашық, түзу алаңдарды таңдауды, сонымен қатар, пиротехниканың тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта орналасу қажеттігін;

– жанып жатқан петардаларды адамға және жануарларға лақтырмауды, оларды қолға ұстамауды;

– балаларға петардалар жағуға тыйым салуды;

– петарда жанбай қалған жағдайда оны тексермеуді немесе қайта жақпауды ұсынады және ескертеді.

Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды сатушы заңды және жеке тұлғаларда Кеден одағының талаптарына сәйкестік жөніндегі декларациясы болуы қажет.

 Гүлбану ДӘУЛЕТОВА,

Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button