Жаңалықтар

Бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдарға қол қойылды

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қаладағы ірі бөлшек сауда кәсіпорындары және азық-түлік базарларындағы жергілікті тауар өндірушілермен бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдарға қол қойды.

Келісімнің мақсаты —  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, қала тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде өзара келісім механизмін орнату және жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету.

Меморандум арқасында қаладағы ірі сауда желілері («Анвар», «Дина», «Сапамаркет») азық-түлік тауарларының негізгі бағасына 5 пайыздан аспайтын үстемақы ғана қосады (бұрын 10-15 пайыз болатын).

Жергілікті тауар өндірушілерге («Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Атамекен-нан» ЖШС, «Наным» ЖШС, «Айс плюс» ЖШС, «Агрофирма «Тау» ЖШС, «Актобе Фудс» ЖШС, «АДМ Инвестмент» ЖШС, жылыжай қожалықтары, ет өндірушілер және т.б.) Ақтөбе қаласының ішкі нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ азық-түлік сауда базарларында жалға алушыларға бағаны негізсіз көтермеу міндеттері қойылды.

Шара соңында Мавр Абдуллин Ақтөбенің 150 жылдығына орай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға мерекелік медальдар табыс етті.

                        А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button