Жаңалықтар

Мұғалжарлық Аделя несие рәсімдеп, Египетке жолдама ұтып алды!

«Банк Хоум Кредит» қараша айында өз клиенттеріне ерекше байқау ұсынды: «Ұшқыр отбасы» деп аталатын байқау нәтижесінде екі адамға Египетке жолдама беріледі! Жақында ақтөбелік Аделя Сұлтанғазина осы байқаудың жеңімпазы атанды. Енді ол ақпан айында жолдасымен бірге Египетке ұшады. Мұндай ерекше байқаудың жеңімпазы болатынына Аделя мүлде сенбегенін айтады.
— Қазіргі уақытта банктер болсын, сауда орындары болсын, түрлі байқаулар ұйымдастырып жатады ғой. Ондайға мүлде сенбейтінмін, шыны керек, әншейін лохотрон деп ойлаушы едім. «Банк Хоум Кредит» несие рәсімдеуге барғанымда да банк менеджерлері бұл байқау туралы толық ақпарат берді: «Мүмкін, Египетке жолдама ұтып аларсыз», — деді. Алайда, аса мән бергенім жоқ. Арада біраз уақыт өткеннен кейін маған банктен менеджерлер хабарласып, құжаттарға қол қойып кетуімді сұрады. Ойымда ештеңе жоқ, банк бөлімшесіне бардым, сол жерде Египетке жолдама ұтып алғанымды айтқанда қуаныштан төбем көкке екі елі жетпеді, — дейді Аделя Сұлтанғазина.
Аделя Амантайқызы 1989 жылы Арал ауданы Сексеуіл кентінде туған, қазір Қандыағаш қаласында тұрып жатыр. Жолдасы екеуі екі ұл тәрбиелеп, өсіріп отырған жас отбасы. Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде жұмыс жасайтын Аделя қазір жүктілігіне байланысты үйде отырғанын айтады.
— «Банк Хоум Кредит» үнемі тауарлық несиелер алатын едім, пайызы да, төлем кестесі де маған өте ыңғайлы. Бұл жолы үйімізге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шамалы қаржы қажет болды. Бұл жолы да өзімнің сүйікті банкіме барып, несие рәсімдеген едім. Осындай олжалы болатынымды несие рәсімдеп жатқанда мүлде ойлаған жоқпын. Бұл мен үшін күтпеген қуаныш болды, — дейді ол.
Мұндай байқауға қатысып, олжалы болу үшін банк клиенті болсаңыз жетіп жатыр. Бар болғаны банктің мобильді қосымшасын ұялы телефоныңызға орнатып, бірнеше шартты орындасаңыз болғаны. Атап айтсақ, кез-келген сомаға ақшалай кредитке немесе тауарлық кредитке шарт рәсімдеу, 500 000 теңгеден жоғары сомаға депозиттік сертификат ашу, кредит картасын ашып, 1000 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасау, дебеттік картаны ашып, 1000 теңгеден жоғары сомаға транзакция жасау, «Отбасын қорғау», «Құқықтық қорғау» немесе «Саяхатшыны сақтандыру» қызметін сатып алуға шарт жасау. Осы шарттардың бірін орындасаңыз, сіз де Египетке жолдама ұтып алуыңыз әбден мүмкін.
Аталған банктің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, 1 қарашадан басталған акция 2020 жылдың 3-қаңтарына дейін жалғасады, кездейсоқ сандар генераторы әдісі арқылы әрбір жұмыс күнінде 1 жеңімпаз анықталып отырады. Бүгінге дейін 40-қа жуық жеңімпаз анықталған.
— Мұндай ұтыс жиі бола бермейді. Сондықтан, Алла сәтін салса, бұл сапарға жолдасым екеуміз міндетті түрде баруға тырысамыз. Егиептте бұрын-соңды болған емеспін. Ақпан айында байқаудың басқа да жеңімпаздарымен бірге жолға шығуға дайынбыз. Бұл күтіп жүрген үшінші сәбиіміздің несібесі шығар деп жорыдық. Туыстарым қуанып, құттықтап жатыр. «Банк Хоум Кредит» осы байқау арқылы бізге әлемдегі ең керемет жерлердің бірін көруге мүмкіндік бергені өте құптарлық іс. Халық банктерден өз мұқтаждығы үшін бәрібір несие алады, ал егер осындай күтпеген қуаныштар сыйлайтын болса, нұр үстіне нұр емес пе, — дейді Аделя Сұлтанғазина.
Егер сіз де Египетке жолдама ұтып алғыңыз келсе, асығыңыз. Барлығы екі адамға арналған 81 жолдама өз иесін күтіп отыр. Қызыл теңіздің жағалауында орналасқан қонақ үйде «барлығы қамтылған» жүйесі бойынша ұмытылмас күндер өткізіңіз. Мұндай олжаға Хоум Кредит банкінің әрбір клиенті лайық!

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button