Жаңалықтар

Сыйлық алған мемлекеттік қызметші жазаға тартылады

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті азаматтарды, мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін сыйлық беруден және алудан сақтандырады.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамамен лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен аспайтын сыйлық бергені үшін 200 АЕК көлемінде, ал мемлекеттік қызметшіге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.

Сонымен қатар мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын жеке және заңды тұлғалар есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.

Сыйлықты немесе қарапайым тәттілер себетін қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшінің әдебін өрескел бұзу ретінде бағаланады.

 Зульфия НАБИУЛИНА,

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button