Пікір

Жерді әр азамат шамасына қарай алуы керек

Ұлттық Кеңестің кезекті екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму министрліктеріне 2020 жылдың 1 мамырына дейін  бірқатар облыстарда жерді космомониторингтеуге тапсырма берді. Сонымен қатарПрезидент жерді тиімді пайдалануға бақылауды күшейтудіңбасқа да шараларын қабылдау қажеттігін баса көрсетті.

Бұл — дер кезінде қабылданған шешім. Жасыратыны жоқ, бүгінде өңірлерде жерді пайдалануға қатысты түйткілді мәселелер туындап жатыр. Осы жылыАқмола облысында  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аэрокосмостық зерттеудің пилоттық  жобасы жүріп жатыр. Енді жерді мониторингтеу басқа облыстарда  да қолға алынса, пайдаланылуға өткен жерлердің жағдайын мемлекеттік органдардың зерттеуіне кең мүмкіндік туатыны анық.

Мұнымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жер телімдері үшін базалық салық ставкісін 10-нан 20 есеге дейін өсіріп, оларды  мемлекет иелігіне қайтаруға дейінгі мерзімді екі жылдан бір жылға дейін қысқарту қажет деп есептейді.

Қазіргі кезде қай өңірде болмасын, жерді алғанзаңды немесе жеке тұлғалардың бірнеше жыл бойы пайдаланбағандеректері өте жиі кездеседі.  Біздер мемлекеттен алған жерлерді 10-15 жыл бойы пайдаланбай жатқандарды анықтасақ та, қазіргі қолданыстағы заң бойынша осы жерлерді мемлекетке бірден қайтара алмаймыз. Әуелі жер телімін алған заңды тұлға немесе жеке адамға ескертіліп, заңбұзушылықты жоюы үшін екі жыл уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде  ескертуімізді орындамаса,сотқа шағымданамыз. Сот арқылы жеке тұлғадан қайтарылған жер телімі аукционда сатылса, заңды тұлғадан алынған жерлер бірден  мемлекет меншігіне өтеді. Қысқаша айтқанда, жерді игермейтін азаматтан қайтарып алуға  4 жыл уақыт кетеді. Бұл — ұзаққа созылатын процесс.

Меніңше, адамдарымыз жерді өз шамасына қарай алуы керек. Соның ішінде, жерді мақсатты түрде игере алатын азаматтарымыз ғана  алуы тиіс. Ұлттық Кеңестің бүгінгі отырысын мұқият тыңдағандар осы жағынан ойланары сөзсіз.

                                                                  Әбдухат МЫРЗАЛИН,

                жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі

             облыстық басқарманың басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button