Әлеумет

Отшашудан от шықпасын!

Жаңа жыл мерекесіне санаулы күндер қалды. Осы кезде мерекелік сыйлықтармен қоса безендіруші заттардың да сауда орындарының сөрелерінде көптеп шығарылып, сатылатыны белгілі. Әсіресе, балалардың жыл қарсаңындағы басты ойын құралы —  атылғыш пиротехникалық заттар. Мұны ересектер де қолданады. Мерекенің сәніне айналатын отшашулар, петардалар  пиротехникалық бұйымдарға жатады. Алайда бұл бұйымдарды дұрыс қолданбағандықтан ойыннан от шығатын сәттер жиі кездеседі. Сонымен қатар тез тұтанғыш, жарылғыш заттар үй ішінде немесе ғимараттарда тілсіз жаудың пайда болуын тудырса, оған қоса тұрғындардың өмірі мен меншігіне қауіп төндіруі және мүмкін. Өткен жылы Жаңа жыл мерекесінде жарылғыш петарданың кесірінен бір адамның қолы күйіп, жедел медициналық көмек көрсету қызметіне жүгінген.

Осыған орай Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Орталық базарға барып, рейдтік іс-шараларын жүргізді.  Сақтықта қорлық жоқ.

Ондағы пиротехникалық бұйымдарды сатушылар мен сатып алушыларға қауіпсіздікті сақтау туралы үнпарақтар таратып, оқыс жағдайдың алдын бірге алуды ескертті.

Мереке алдындағы рейдтік іс-шараларды Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасы мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінен құрылған топ жүргізуде. Біздің басты жұмысымыз — жарылғыш бұйымдардың заңды сатылуын талап етеміз. Әр сатушының сертификаты болуы шарт. Ал, сатып алушылар мерекелік тауарды алған кезде оның сертификатына мән беруін сұраймыз. Оларды қолдану қашықтығы мекемелер мен үйлерден, қоғамдық орындардан 50 метрдей аулақ болуы керек. Үй ішінде немесе балкондарда қолдануға қатаң тыйым салынады. Мереке кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жарылғыш заттарды алған кезде оның сыртындағы нұсқаулыққа көңіл бөлуі тиіс. Онда көрсетілген ережелерді барынша сақтаған дұрыс, — дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Айбат Жаңабергенов.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button