Жастар

«Мансап» түлектерінің дені — мемлекеттік қызметшілер

Бастау

Ақтөбеде үш жыл бұрын ашылған «Мансап» студенттік мемлекеттік қызмет мектебі осы уақытқа дейін 70-ке жуық маман даярлаған, қазір олардың 80 пайызы — мемлекеттік қызметшілер.
«Мансап» түлектері тек оқығандығы туралы сертификаттарды алып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызметшіге тән жауапкершілік, тез шешім қабылдау, күйзеліске төзімді болу дағдыларын, сондай-ақ құжаттармен дұрыс жұмыс істеуді үйренеді.
20 желтоқсанда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірлесіп «Мансап» мектебінің 5-кезеңінің үміткерлерімен әңгімелесу өткізді. Қазіргі таңда 32 студент «Мансап» мектебінің бесінші кезеңіне іріктеуден өтіп жатыр.
Сұхбаттасу барысында төртінші курс студенттері өздерінің пікірлерін ортаға салды: біреуі қоғамға қандай пайдасы тиетінін айтса, біреуі мемлекеттік қызметші қандай болуы тиіс деген жалпы пікірімен бөлісті, ал енді біреуі болашақ жоспарларын айтты.

Қуантарлығы, 2016 жылы пилоттық режимде ашылған «Мансап» мемлекеттік қызмет мектебі қазіргі уақытта барлық өңірлерде ашылып, Ақтөбе осы істің бастаушысы болды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button