Экономика

Италиямен тауар айналымы арта түседі

Облыс әкімі  Оңдасын Оразалин  Италияның  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесті.

Екіжақты кездесу барысында  саяси және экономикалық, мәдени гуманитарлық қарым-қатынас жайы сөз болды. Ақтөбе өңірінің көптеген шетелдік компаниялармен тығыз қарым-қатынаста екенін айтқан облыс басшысы Италия елінің де ерекше маңызға ие екенін жеткізді.

— Ақтөбе облысының аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен 900-ге жуық компания тіркелген, оның ішінде 5 итальяндық капиталдың қатысуымен жұмыс істейді. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Италия арасындағы тауар айналымы 129,8 миллион АҚШ долларын құрады, — деп атап өтті облыс басшысы.

Өз кезегінде Паскуале Д’Авино жылы қабылдауы үшін облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да Италия елі түрлі салада  тығыз қарым-қатынас орнатуға әзір екендігін айтып өтті.

Облыс басшысы екіжақты өзара байланыс бұдан да  жоғары дамитындығына  сенім білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button