Спорт

Ақтөбелік тәртіп сақшыларының жеңісі

Кубок

Ақтөбелік  тәртіп сақшылары қоян-қолтық күрестен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кубогының жеңімпазы атанды. Қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кубогы үшін V халықаралық турнир 27-30 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын.

Ақтөбе облысы ПД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл додада Қазақстан спортшыларымен қатар Беларусь, Қырғызстан Моңғолия, Өзбекстан елдерінен келген 500-ге тарта балуан бақ сынасқан. Олардың арасында әлем, Азия және Еуропа чемпиондары, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 70-тен астам спорт шебері, жүздеген кандидат бар.

Қоян-қолтық ұрыс бойынша ерлер арасындағы жеке біріншілікте ақтөбелік тәртіп сақшысы Айдын Төлепбаев үздік деп танылса, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Александр Борисов қола медаль иеленді.

— Біздің жеңісіміздің сыры —  спортпен табанды түрде айналысу, үздіксіз жаттығу. Өз жеңістеріміз үшін жаттықтырушыларымыз Айбек Шоқпытов  пен Ақәділ Убаевқа, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі Қажымұқан Шалтақовқа ризашылығымызды білдіреміз, — дейді спортшылар.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button