Спорт

Есепте тұрғандар есесін жібермеді

Турнир

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Ақтөбе қаласының Алматы ауданының қолдауымен пробацияда есепте тұрған жастар арасында волейболдан  шағын турнир өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай өткен шараға пробация қызметінде тұрған жастармен қатар еріктілерден құралған 4 команда қатысты.

Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Динара Әбілхайырованың айтуынша, спорттық іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, есепте тұрған жастардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, қайта қылмыс жасаудың алдын алу.

— Облыстық жастар ресурстық орталығы мен Ақтөбе қаласы  Алматы және Астана аудандарының пробация қызметі 2017-2020 жылдар аралығында арнайы меморандумға отырған. Аталған меморандум бойынша жыл сайын жаңа жоспар құрылып, түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін есепте тұрған жастар арасында футболдан турнир өтіп, әдеби кеш өткізілген болатын, — дейді маман.

Шара соңында жүлделі орын алған командалар Алғыс хаттармен және арнайы кубоктармен марапатталды. Жүлделі 1-орын есепте тұрған жастардан құралған «БайкаЛ» командасына бұйырды.

Айта кетейік,  бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы пробация қызметінде — 517 адам, ал Астана ауданы бойынша 776 адам есепте тұр.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button