Жаңалықтар

Білікті заңгер биігі

Мерей

Әрбір азаматтың өмірінде есте қаларлық ерекше белестері болатыны анық. Осыған орай жадымда жүрген жастық шағымның бір кезеңін сөзіме арқау етпекпін.

Өткен ғасырдың 70жылдарының екінші жартысында Ақтөбе облысының прокуроры болған Үмбет Құсайыновтың батасын алып, Ойыл ауданы прокуратурасының тергеушісі қызметіне тағайындалған едім.Өзіме арман болған қызметкежелтоқсанның қақаған қысында, маған беймәлім аудан орталығындағы прокуратура ғимаратына, өрекпіген көңілмен, алғаш қадам басып кіргенім әлі есімде.Сол кездегі аудан прокуроры, сұңғақ бойлы, аққұбаша келген, жігіт ағасы Базарбек Уайсов мені жылы ықыласпен қабылдап, отыратын орнымды көрсетіп, қызметіме сәттілік тілеген еді.

Ол заманда қазіргідей жаңадан қызметке қабылданған адамға алдын ала облыс орталығында арнаулы оқу-тәжірибесінен өткізіп, дәріс беру деген болмайтын. Сондықтан аудандық прокуратураның қыруар жұмысына қарамастан, Базарбек Тәжібайұлы бірінші күннен бастапмаған жүктелген міндеттерді түсіндіріп, тергеудің қыр-сырын ерінбестен үйреткен болатын.

Қасиетті Ойыл өңірінде байсалды да ұстамдылығы мол Базарбек Тәжібайұлымен бірге істеген үш жыл қызметімді прокуратура саласындағы өмірімнің баспалдақтары десем де артық болмас.Базарбек Тәжібайұлының негізгі принципі Ата заңның бұрмалануына жол бермеу еді. Осы бағытта аудандықпартия басшысының араласқанына қарамастан, мемлекет қаржысын талан-таражға салған, бірнеше кеңшар директорларын қылмыстық жауапқа тарту жолында табандылық танытқаны өз алдына бір әңгіме.

Ойыл ауданынан соң Базарбек Тәжібайұлы облысымыздың Қобда, Шалқар аудандарында және Ойыл ауданында қайтадан прокурор болып, қызметін абыроймен атқарған болатын. Кейінгі жылдары Ақтөбе қалалық прокуратурасында қызметін жалғастырып, құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты.

Өзінің алғаш қызметін Темір ауданында прокуратура тергеушісінен бастап, бірнеше жыл аудан прокуроры болған еңбектері еленіп, кейін ол «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» деген атаққа ие болып, «Прокуратура органының 20 жылдығы» және «Прокуратура ардагері» төсбелгілерімен, басшылық тарапынан бірнеше марапатқа ие болды.

Жоғары білімді заңгер болып, саналы ғұмырын прокуратура саласына арнаған, заң кеңесшісі шенді Базарбек Тәжібайұлы бұрынғы Комсомол ауданының Басқұдық өңірінде жай шаруа отбасында дүниеге келіп, жастайынан әкеден айырылып, жесір анамен бірге көрген тағдыр тауқыметін ешқашан ұмытқан емес. Сәби шағында халқымызға төнген Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі Тәжібай ел қорғауға аттанып, содан еш хабарсыз кеткен. Артында жастай қалған Күншім атты жары белді

бекем буып, бұғанасы қатпаған баласын жеткізем деп, барауыртпалықты басынан өткерген. Қасіреті мен қайғысы мол сұм соғыстың, одан кейінгі зардаптарын басынан өткерген қайсар ананың, әкеден қалған жалғызтұяғы үшін еткен еңбегі мен көрген мехнатын айтып жеткізу оңай емес.Осындай асыл ананың бауырында өсіп, ержеткен Базарбек Тәжібайұлы абыроймен еңбек етіп, білікті заңгер атанды.

Ол кісі өмірінде Сәуледей жар тауып, бүгінгі күні жарасымды отбасында Лиза мен Махаббат атты қыздарынаннемере-шөбере сүйіп отыр.

Бүгіндежасы сексеннің сеңгіріне жеткен Базарбек Тәжібайұлы облыстық прокуратура ардагерлерінің ішінде жасы үлкендерініңқатарынақосылған.

Ардақты ұстазым Базарбек Тәжібайұлын мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандықтілеймін.

 Елубай Жұмабаев,

прокуратура органының құрметті қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button