Басты жаңалықтарМереке

Кәсіби мерекенің қуанышы

Кеше облыстық прокуратура саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі заң қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап, 11 азаматты Алғыс хат, естелік сыйлықтармен марапаттады.

«Мемлекеттің қуаты мен жауапкершілігі заңдылық пен тәртіпке негізделеді. Сондықтан Тәуелсіздік діңгегі — Ата Заң болуына байланысты, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап, прокуратура органдары мемлекетіміздің сенімді сүйеніші, отандық құқық қорғау жүйесінің жетекші көшбасшысына айналды. Сол себепті  Елбасымыз Тәуелсіз ел дамуының алғашқы кезеңдерінде құқық қорғау органдарын реформалауға баса назар аударған болатын. Ал Заң-құқық саласындағы реформалардың дұрыс жүргізілуі қоғам дамуына кепіл болатыны сөзсіз. Бүгінде заңдылықты қамтамасыз ету аясында ұсынылған реформалар өз жемісін беруде. Оның ішінде, «100 нақты қадам» —  Ұлт жоспары реформасы  прокуратура, сот органдары саласына жаңа  мүмкіндіктерге жол ашты», — деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Бұдан соң Ақтөбе облысының прокуроры Марат Қайбжанов, облыстық прокуратура ардагерлері кеңесінің төрайымы Мәрия Тәжібаева әріптестеріне ізгі ниеттерін жеткізді. Айтып өтейік, облыста Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамашылығымен 2016 жылдан бастау алған «Жергілікті десант» жұмысын бастады. Өңір тұрғындарына бизнесті дамыту, дін мәселелері, әлеуметтік қолдау көрсету, құқық қорғау шаралары бойынша түсіндірме, ақпарат беру бойынша жаңа форматта жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнге 1680 әртүрлі іс-шараларға 58 мыңнан  астам адам қамтылып, 1566 тұлғаға нақты көмек көрсетілді.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button