Жаңалықтар

Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Nur Otan партиясының Ақтөбе облыстық филиалында болып Саяси кеңес Бюросы мүшелеріне жаңа лауазым иесін таныстырды.
Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысымен, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен
Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Ербол Данағұлов тағайындалды.
Ербол Данағұловтың жаңа қызметіне сәттілік тілеген аймақ басшысы осы қызметті абыроймен атқарған Дариға Исмағамбетоваға алғысын білдірді.
Ербол Данағұлов 1981 жылы туған. Жоғары білімді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Шалқар аудандық экономика бөлімінің маманы болып бастады. Әр жылдарда Шалқар ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы, Шалқар ауданы әкімі аппаратының ақпаратты жинау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, Шалқар қаласының әкімі, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Шалқар ауданының әкімі, Мұғалжар ауданының әкімі, 2019 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button