Жаңалықтар

«Адалдық – балалық шақтан басталады»

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Leader – Q» жастар қоғамдық бірлестігімен ортақтаса отырып, «Адал ұрпақ» жобасы аясында «Адалдық – балалық шақтан басталады» атты шарасын ұйымдастырды.

Аталмыш шара №39 «Достық» балабақшасында өтті. Қазақтың «Тәрбие – тал бесіктен» мақаласын негізге ала отырып ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты кішкентай сәбилерге дұрыс бағытта үлгі көрсету. Балаларды жақсылыққа, мейірімділік пен ізеттілікке баулу. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығы негізінде студент-жастар балабақша балаларымен бірлескен сенбілік жұмыстарын жүргізе отырып оларға тазалықты, адалдық пен парасаттылықты насихаттау.

Шара барысында «Leader – Q» ЖҚБ-ның еріктілері балалармен ойындар ойнатып, би билеп, балабақша сәбилеріне сергіту сәтін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 желтоқсан – халықаралық еріктілер күні. Осы орайда «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұжымы облысымыздың барша еріктілер топтары мен ұйымдарын мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!

 «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық

 кеңсесінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button