Басты жаңалықтар

Елшімен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.
Облыс әкімі Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда болды. Кездесу барысында тараптар Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін Ресейде мәңгі есте сақтау бойынша бірлескен мәдени-гуманитарлық жобаларды талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елшілік пен Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен жұмысының арқасында Ржевтегі қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориал қайта жаңғыртылып, Санкт-Петербургте Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш ашылған болатын.
Оңдасын Оразалин Елшімен кездесу барысында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тарихы мұражайының экспозициясымен танысты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button