Басты жаңалықтарМереке

Құрметті ақтөбеліктер, қадірменді қауым!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен  шын  жүректен  құттықтаймын!

Бұл мейрам — әлем мойындаған тарихи тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген халқымыздың ақ ниеті мен алғысы.

Президент күні ретінде 1 желтоқсанның таңдалуының өзі кездейсоқтық емес. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Қазіргі Қазақстан — өндірісі дамыған, халқы тату, жаһандық масштабтағы диалог орталығы, игі бастамалардың елі.  Бүкіл әлем назарын Қазақстанға  аударған Елбасымыз нағыз Көшбасшы бола білді.

Бүгінде біздің Қазақстанымыз Елбасының бастауымен сол арманға жетті, бабалар аманатын орындады! Берекелі бірлік пен тату тірлік халқымызды биік белестерге жеткізіп, ел абыройын асқақтатты.

Ақтөбе — құтты мекен жұрты, еңбеккер халқы, жасампаз жастары Тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстап, елдік мұрат-мақсаттарды орындау жолында, қажыр-қайрат танытуда.

Ардақты ағайын!

Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы — қандай құрметке болсын лайықты тұлға.

Президентке деген халқының алғысы, елінің ақ тілегі шексіз. Бүгінгі шара — ел ризашылығының айқын көрінісі.

Бірлігі мен берекесі жарасқан, ырысы мен ынтымағы тасыған, Мәңгілік ел болуды мұрат еткен, көпұлтты халқымыздың айбыны арта берсін!

Қасиетті Отанымыз — Қазақстан қарыштап дами берсін!

Мереке құтты болсын!

 Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button