Басты бет » Денсаулық » QR кодтар орнатылды

QR кодтар орнатылды

Облыстағы барлық медициналық мекемелерге арнайы QR кодтар орнатылды. Тұрғындар кодты смартфонмен сканерлеу арқылы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, яғни медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасын бағалай алады. Сондай-ақ  пікір қалдыруына болады.

Қазіргі таңда емдеуші дәрігердің қызметіне баға беру арқылы дәрігерлердің рейтингін қалыптастыру мәселесі қаралып жатыр. Мұндағы мақсат — медициналық мекемелер үшін жаңа сапа стандарттарын енгізу, тұрғындардың сұраныстары мен талаптарын негізге ала отырып, жайлылық деңгейін арттыру, мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын жекеменшік клиникалардың деңгейіне жеткізу, — деді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова.

Отбасылық медицина орталығында қор мамандары QR код арқылы мекемеге қалай баға беру керектігін көрсетіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.