Әлеумет

Тұрғындардың өтініштері тыңдалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бейсенбіде өткізілген республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнінде Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин тұрғындарды жеке сұрақтарымен Халықтық кеңсе ғимаратында қабылдады.

Өз жеке басына қатысты мәселелерден бастап, жалпы қоғамға, қалаға ортақ проблемаларға дейін айтып келген ақтөбеліктердің бәрін де шаһар басшысы мұқият тыңдады. Кейбір мәселелер қоғамдық қабылдау барысында бірден шешімін тапты.

Таңертеңгі 10.00-ден басталған қабылдауға 170-ке жуық адам келді. Сұрақтардың дені баспана, жер, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты болды.

Әкімге жағдайын айтып келгендердің бірі — Ақзия Бисенбаева. 35 жастағы мүгедек қызын бағып отырған кейуана баспана мәселесін айта келіпті.

Осындай және өзге де мәселелерімен тек әкімнің қабылдауына 60-тан астам адам кірді.  

Бұл күні қала әкімімен қатар қалалық мәслихат хатшысы, бөлім басшылары мен депутаттар, сот, прокуратура және ішкі істер басқармасы басшылары да тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

Айта кетейік, шаһар басшысы тұрғындарды әр айдың алғашқы сәрсенбісінде Nur Otan партиясының филиалында, Халықтық кеңседе, «Адалдық алаңы» жобасы аясында қала әкімдігінде ашылған кабинетте  жеке қабылдап, мәселелерін тыңдап жүр. Ол бұндай қабылдаулар қаланың дамуына, ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыруға бағыттап отырған жұмыстарды саралауға мүмкіндік беретінін айтады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button