Жаңалықтар

«Ақтөбе» ӘКК» акционерлік қоғамы басқармасына жаңа басшы тағайындалды 

Кеше облыстық қаржы басқармасының шешіміне сәйкес бірден-бір акционер «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып Ермек Жетпісбайұлы Имантаев тағайындалды.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
«Мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып жүрген азамат әрі тәжірибесі мол маман ретінде  сіз Ақтөбе өңірінің  әлеуметтік-экономикалық дамуына зор  үлес қосады деп сенемін. Облысқа инвестиция көздерін тарту, бос жұмыс орындарының санын арттыру бағытында бірігіп жұмыс жасаймыз деген ойдамын», — деді Оңдасын Оразалин.
Ермек Имантаев Мәскеу мемлекеттік қаржы академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Тұран» сақтандыру қоғамы директорының орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Хромтау ауданының әкімі, Ақтөбе облысы салық комитетінің төрағасы, Ақтөбе облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы, Халықаралық «Астана» ғылыми кешені директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік институтының директоры қызметтерін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button