Жаңалықтар

Наиб мүфтимен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпеновпен кездесті.

Кездесу барысында Ақтөбе өңіріндегі дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайы талқыланды.

Өңір басшысы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының және облыстағы діни басқарма өкілдігінің тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, кез келген түрдегі және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытындағы үлесі үшін наиб мүфтиге алғысын білдірді.
Бүгінде имамдарға жалақы төлеу мәселесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан және демеушілерді тарту арқылы шешімін табуда. Жаһандық деңгейде қалыптасқан діни ахуалға байланысты имамдардың қоғамдағы рөлі және олардың беделін арттыру бағытындағы жұмыстар бейжай қалмай, оларды тұрақты біріздендірілген жалақымен, қызметтік үй-жайлармен қамту және тағы басқа әлеуметтік қолдаулар бойынша өзінің тиісті жалғасын табады деген үміттемін. Осы игі дүниелерге қол жеткізу үшін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан да заманауи талаптарға сай жауап беретін жоғары деңгейдегі білікті қызметкерлерді даярлауда өзіндік ерекше саясат қалыптастырылуы қажет деп санаймын, — деді Оңдасын Оразалин.
Өз кезегінде Наурызбай Өтпенов Ақтөбеде өткен ІІІ республикалық аймақтық имамдар форумында көтерілген мәселелерді айтып өтті. Және шараның әкімдік тарапынан жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді.
Атап өту керек, бүгінде облыс бойынша 110 діни қызметкермен қамтамасыз етілген 69 мешіт қызмет етуде. Ақтөбе қаласында 2 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Ал дін саласындағы болашақ кадрларды дайындау көрсеткіші, өткен жылдармен салыстырғанда, жоғары. Сондай-ақ арнаулы, орта діни білімі бар мешіт қызметкерлерінің үлесі 30 пайызға артып, қазіргі таңда олардың үлесі 80 пайызды құрап отыр.

Бүгінгі күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алу үшін облыс әкімінің 10 гранты тағайындалса, аталған жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алып жатқан 5 ақтөбелік студентке бюджеттен тыс қаражат көзі арқылы қолдау көрсетілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button