Басты жаңалықтарСпорт

Киокушинкай-каннан  ашық чемпионат өтті

Ақтөбе қаласында каратэнің киокушинкай-кан түрі бойынша  жасөспірімдер арасында облыстық ашық чемпионат өтті.

Сайыстың ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин және республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Омархан Өксікбаев қатысты.
Облыс әкімі аймақта денешынықтыру мен спортты дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
— Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жастар рухты болуы керек. Біз — кешегі әлемнің жартысына сес көрсеткен жауынгер елдің ұрпағымыз. Жастарымыз шығыс жекпе-жегінің қай түрімен айналысса да, оның барлық қыр-сырын еркін меңгеріп, шеберліктерін шыңдай білсе, артық етпейді, — деді Оңдасын Оразалин.
Чемпионатқа өзіміздің өңірден бөлек Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан жас спортшылар қатысты.

Жарыс «Жастар» облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында өтті. Екі күнге созылған шарада спортшылар бар күштерін салды. Соңында жеңімпаздар марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button