Білім

Жас өнертапқыштармен кездесті

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында  ұйымдастырылған «STEM-City» бизнес-тренингіне қатысып, жас өнертапқыштармен кездесті, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен  Зияткерлік мектебінің директоры  Сәуле Өмірбекова облыс әкіміне оқушылар әзірлеген жобаларды таныстырды.

Биылғы оқу жылында алғаш рет ұйымдастырылған  шараға  аталған білім ошағынан  7-12 сынып аралығындағы  30-ға жуық  оқушы қатысты.  Жобалардың басым бөлігі   физика, биология, анатомия, геология , информатика  салаларына бағытталған.

Тренингтің  мақсаты  — жасөспірімдерді кәсіпкерлік саласына баулу, яғни  жобаларды ойластырып  қана қоймай, сол арқылы  қаржы көзін табуды жүзеге асыру.

Мәселен, 11-12 сынып оқушылары Есет Едрес пен Аружан Кеңес ойлап тапқан «Play ground»  балаларды  латын әліпбиіне оқытуға арналған алаңқай  мобильді қосымшасын «Play  market» арқылы жүктеп алуға болады. Өзге де  оқушылар осы сынды  идеяларын мобильді қосымшаға енгізу үшін жұмыстарын  жалғастыруда.   Зияткерлер ордасы STEM оқытуды осымен төртінші жыл  білім беру жүйесінде қолданып келеді.

Балалардың   жұмысымен жақынырақ  танысып, еңбектерін жоғары бағалаған  Оңдасын Оразалин  оларға сәттілік тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button