Пікір

«Мен Ақтөбеге үлкен тебіреніспен келдім»

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

— Әдебиеттің оқырманы көп, әр үй құшақ-құшақ газет-журнал алатын бұрынырақтағы кездерде облыстарда қаламгерлердің қатысуымен үлкен жиындар ұйымдастырылып тұрушы еді. Кейіннен ол дәстүр ұмытылды. Үзіліп қалған сол дәстүрді, енді міне, Ақтөбе қолға алып, қайта жаңғыртып жатыр. Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отырған әдебиет форумы — соның айғағы. Әрине, туған тіліміздің тағдыры, әдебиетіміз, оның ертеңі туралы ойлар бізді қатты алаңдатып тұрған тұста осындай жақсы бастаманың қолға алынуы — өте құптарлық қадам. Сондықтан бұл форумға мен үлкен тебіреніспен келдім.

Жершілдік, рушылдық дейтін келеңсіздіктер әдебиетпен ешқашан қабыспайды. Көрнекті ақын-жазушылардың тойлары бүкіл қазаққа, бүкіл Далаға ортақ болуы тиіс. Соңғы кезде үлкен қаламгерлердің мерейтойлары бір өңір шеңберінде шектеліп қалатын жағдайлар кездесетін болды. Бұл — үлкен қателік.

Ақтөбедегі форумды осындай келеңсіздіктердің алдын алуға деген ұмтылыстың бір көрінісі деп қабылдадым. Мұндай жақсы бастамаларды басқа өңірлер іліп әкетсе, жалғастырса, құба-құп дер едік!

Басқа жаңалықтар

Back to top button