Ресми

Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығына арналған «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдебиет форумының БАҒДАРЛАМАСЫ

І күн

(14 қараша)

Ізтай Мәмбетовтің туғанына 90 жыл толуына орай сағат 14.00-19.00 аралығында Алға ауданында төмендегідей шаралар өтеді:

  • «Есет батыр» рухына тағзым ету;
  • І.Мәмбетов атындағы оқу кабинетінің ашылуы;
  • І.Мәмбетов атындағы сквердің және ескерткіштің ашылуы;
  • І.Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған театрландырылған қойылым;
  • І.Мәмбетовтің «Табанталда қалған із» кітабының тұсаукесері.

 

ІІ күн

(15 қараша)

«Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдебиет форумы 11.00-де басталады.

Ақтөбе облысында әдебиет пен өнерді қолдау мақсатында қолға алынған тың жобалардың тұсаукесер рәсімі Nur Otan партиясы облыстық филиалы ғимаратының фойесінде өтеді:

  • Облыстық кітапхана құрылысы;
  • «Әдебиет әлемі» рухани орталығын және жергілікті ақын-жазушылар аллеясын салу жобасы;
  • Т.Ахтанов атындағы қазақ драма театрының құрылысы;
  • Ә.Молдағұлова музейінің құрылысы.

Күмбез-залда жергілікті жас ақын-жазушылардың тырнақалды туындыларының тұсаукесері болады.

«Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдебиет форумы одан әрі Күмбез залда жалғасады. Онда «Адырна» журналы жариялаған «Алтын жебе» бәйгесін қорытындылау шарасы мен «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері авторлардың қатысуымен ұйымдастырылады.

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында сағат 15.00-де ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің 85 жылдық мерейтойларына орай еске алу кеші басталады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өтетін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Ақұштап Бақтыгерееваның жыр кеші 17.00-де басталады.

 

ІІІ күн

(16 қараша)

Бұл күні ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің 85 жылдық мерейтойларына орай өтетін іс-шаралар Байғанин ауданында жалғасады:

  • 15-11.00. Байғанин ауданының 90 жылдығы аясында салынған әлеуметтік нысандармен танысу;
  • 00-12.30. «Қаламы жүйрік жерлестер» бағдарламасы аясында аудандық Мәдениет үйінде қонақтармен жалпы кездесу, мерекелік концерт, көрме ұйымдастырылады.
  • 30-14.00. Ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің 85 жылдық мерейтойларына орай ас беру.
  • 00-16.30. «Талантты тұлғаға тағзым». Жазушы Тобық Жарамағамбетовтің 85 жылдығына арналған мәдени шара аясында жазушының қарындасы Әсем Жармағамбетовамен кездесу. Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің акт залы.
  • «О, туған жер, барымның сәттілері сенікі». Ақын Сағи Жиенбаевтың 85 жылдығына арналған жыр керуені. №4 Қарауылкелді мектеп-гимназиясы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button