Басты жаңалықтарЭкономика

Облыс әкімі іссапармен Ресей мен Түркияға барды

Бейсенбі күні Ресей Федерациясы Омбы қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстан арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Форумда ҚР Үкіметі тарапынан барған делегация құрамында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин болды. Форумның екінші күнінде «Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында жиын өтіп, онда

Ресеймен шекаралас облыстағы Әйтеке би-Союзный және Жиренқопа-Первомайское бекеттерінің мәселесі талқыланды. Сондай-ақ облыс басшысы Түркия мемлекетінде болып, «Gebze» өнеркәсіптік аймағының басқарма төрағасы Вахит Йылдырыммен «Ақтөбе-Gebze» индустриялық аймағын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.
Түркияның Стамбул қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті. Қазақстан мен Түркия іскер топтары арасындағы байланысты нығайтуға арналған форумға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция министрлері мен облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.
Облыс басшысы Оңдасын Оразалин мен «Gebze» өнеркәсіптік аймағының басқарма төрағасы Вахит Йылдырым GOSB-қа ұқсас «Ақтөбе-Gebze» индустриялық аймағын құру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша меморондумға қол қойды.
Форум барысында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, энергетика, машина жасау, химия, тау-кен, металлургия жəне тоқыма өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым жəне қаржы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Аталған іс-шара іскерлік қарым-қатынас пен тікелей байланыс орнату контексінде тиімді платформа ретінде екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, Қазақстан мен Түркия экономикасына шетелдік инвестиция тартуға ықпал етеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button