Жаңалықтар

Белгілі археологтар — Ақтөбеде

Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин археология саласының мамандарын қабылдады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев, аталған институттың Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Талғат Мамыровжәне осы институттың бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бисембаевпен өткен кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында атқарылып жатқан бес бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша алдын ала нәтижелер баяндалды.

Сонымен қатар әңгіме барысында2020 жылы зерттелуі жоспарланып отырған мәселелер сөз болды. Облыс аумағындағы өте ерте замандарға тиесілі элиталық ескерткіштерді археологиялық тұрғыдан зерделеп, жақында ғана Темір ауданынан табылған Алтын адам ескерткішін, Хромтау ауданындағы Моңғолсай және Ойсылқара тарихи-мәдени кешенін, оғыз мемлекетінің таңғажайып жәдігері «Доңызтаудағы Жезді ставка–қаласы» орнындағызерттеу жұмыстарынәрі қарай жүйелі зерттеу мәселесі талқыланды.

Кездесу соңында Оңдасын Оразалин тарихи жәдігерлерді мұқият зерттеп, оны келер ұрпаққа жеткізу басты міндетіміз екендігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button