Басты бет » Жаңалықтар » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вакцинация

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вакцинация

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вакцинация» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсат —  сыбайлас жемқорлық ұғымын және механизмін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жария ету және алдын алу. Дөңгелек үстелге бастауыш медицина ұйымдарының кәсіподақ төрағалары қатысты.

Бүгінгі күні барлық денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар құрылды. Сондай-ақ 2018-2019 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жоспарды іске асыру мақсатында мекемелерде қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, мекеме қызметкерлерінің этиканы сақтауы және қызметтік мінез-құлыққа қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі, жадынамалар, буклеттер, жергілікті актілер, этика және қызметтік мінез-құлық кодекстері, мүдделер қақтығысы туралы ережелер әзірленді. Басқосуда қозғалыс мүшелері жемқорлықтың алдын алуға қатысты ойларын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

К.ҚОПАЕВА.