Жастар

«Жасыл ел» еңбек маусымын қорытындылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылуы туралы брифинг өтті.

Басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов XV еңбек маусымының қорытындысы бойынша есеп берді.

— «Жасыл ел» жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жарқын істерге жұмылдырды.

Биыл облыста 4220 жас «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істеді. Оның 1392-сі Ақтөбе қаласында, қалғандары облыс аудандарында еңбек етті. Жалпы 268 миллион теңге қаражат бөлініп, жалақыға бағытталды. Еңбек маусымының ресми түрде жабылу салтанатында үздік танылған 80 жас Нұр-Сұлтан қаласына тегін жолдамаға ие болады. Одан бөлек 7 номинация бойынша үздіктерді анықтайтын боламыз, — деді М.Махамбетов өз сөзінде.

Облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының командирі Нұрлыбек Мусиннің айтуынша, жастар биылғы маусымда көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс жасақтары бойынша үш бағытта жұмыс атқарды.

— Көктемде қаладағы Заречный-1 елді мекенінде орналасқан орман шаруашылығында қарағаш, көктерек, шырша, қарағай тұқымдары егілді. Күзде гүлзарлар мен саябақтарға да тал егу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылдың бір ерекшелігі — бұған дейін жастарды жұмысқа 16 жастан бастап қабылдасақ, биыл облыс әкімінің тапсырмасымен, жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 жастан бастап мектеп оқушыларын да жұмысқа қабылдадық. Ай сайын 65 мың теңгедей жалақы төленді. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік тапсырыс аясында киім-кешектері де қарастырылды. Кейбір жұмыс беруші мекемелер өз тарапынан 60 пайыз жалақы төлеп, жастарды жұмысқа қабылдады, — дейді Н.Мусин.  

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button