Жаңалықтар

Бірлестіктің бір жобасы

«Ақтөбе» қонақүйінде «Сенім-тірек» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жазасын өтеп шыққандар мен пробация есебінде тұрғандарды қоғамға бейімдеу және қайта әлеуметтендіру мәселелерін талқылаған дөңгелек үстелге ішкі істер басқармасының өкілдері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

«Сенім-тірек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Теміржан Күндолов:

  • Биыл мамыр айында жазасын өтеп шыққандар мен пробация есебінде тұрғандармен жұмыс істеуге арналған жоба бастаған едік. Бүгінгі шара — сол жобамыздың қорытындысы болмақ. Сегіз ай бойы оннан астам кездесулер өткізіп, жазасын өтеп шыққан азаматтарға психолог пен заңгердің кеңестерін ұйымдастырдық. Мұндай шараларды жиі өткізу бостандыққа енді шығатын, жазасын өтеп жатқан азаматтарға сәл де болса көмек болады деп ойлаймын, — дейді.

Алматы ауданының пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Жанна Досымованың айтуынша, Алматы ауданы пробация қызметінің есебінде жыл басынан бері  864 жазасын өтеуші тіркеуде болды, оның 82-сі — әйел, төртеуі кәмелет жасына толмаған.Сондай-ақ бірлестік төрағасы туберкулезге қарсы облыстық диспансермен бірігіп, флюорографиялық тексерулер ұйымдастырып тұратындарын да жеткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып, әркім өз саласына қатысты пікірлерін білдіріп жатты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button