Білім

 Жас педагогтер марапатталды

2019» байқауының қорытындысы шықты. Аталған шара өңірдегі білім беру ұйымда­рының арасында алғаш рет ұйымдасты­рылып отыр.

Сайыстың өтуіне облыстық білім басқар­масы, «Қазақстандық салалық білім жә­не ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және Ақтөбе қалалық жастар ресурстық ор­талығы ұйытқы болды. Мақсат — жас педа­гогтерге қолдау көрсету, кәсіби шыңдалуына ықпал ету.

Екі кезеңнен тұратын жарысқа облыс мек­тептерінен 29 жасқа дейінгі 200 педагог қа­тысып, бақ сынады. Олардың 40-ы байқау-дың І кезеңінен өткен. Комиссия жұмысы­ның қорытындысында, қатысушылардың жұ­мыс тәжірибесі мен өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін бағалау арқылы 10 мұғалім ірік­теліп алыныпты. Осы іріктелген 10 қатысушы­ның суреті Ақтөбе қаласының жастар ресурс-тық орталығының @aktobejro инстаграм па­рақшасына жүктелді. Байқаудың жеңімпаз­дары қатысушының жетістіктері арқылы жә­не көрермен дауысының нәтижесі бойынша анықталды. І орынды Шалқар ауданындағы 100 жылдан астам тарихы бар №5 мектеп-ли­цейдің география пәнінің мұғалімі Шерхан Рүстембеков иеленді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button