Ауыл

8 көшеге тас төселді

Жуырда Ойыл селосындағы 8 көшеге тас төселді.

Осылайша ауыл адамдары күзгі, көктемгі жауыннан кейінгі әбігерден құтылып, автокөліктердің еркін қозғалуына жағдай жасалды. Ал қиыршық тастың тасымалы мен сатып алу құнынан бөлек, оның төселуі аудандағы атымтай жомарт азаматтардың демеушілігі арқылы жүзеге асты.

Ойыл ауылдық округінің әкімі Сәндібек Дәулетқалиевтің айтуынша, селоның ішкі жолдарына тас төсеу жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Бұл — тұрғындардың игілігіне жасалған жұмыстардың алғашқы легі.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button