Ауыл

Тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаштар егілді

Облыс әкімінің «Елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында Ойыл ауданында 28 қыркүйек-2 қараша аралығында екі айлық жарияланды.

Екі айлық аясында аудандағы 13 саябақ пен шағын бақтардың аумағы қалдықтардан және автомобиль жолдарының айналасын тұрмыстық заттардан тазарту межеленген.

Өзен, су жағалауларын қалдықтардан тазарту да екі айлық кезінде атқаруға тиіс жұмыстар. Осы орайда апта сайын ауданда сенбілік ұйымдастырылып, қызметкерлер мен тұрғындар жұмылдырылды. Елді мекендердің автокөлік жолдары айналасындағы қураған ағаштарды кесу жұмыстары да жүргізілді.

Екі айға созылған сенбілік жұмыстары осы аптада мәресіне жетті. «Тал егу» акциясы өткізіліп, ауданды көгалдандыру мақсатындағы игі бастамаға барлық мекеме басшылары белсене атсалысты. Айта кету керек, жыл сайын округте бірнеше гектар аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу дәстүрге айналған. Атап айтсақ, ауданның кіре берісіндегі көпір жағалауына 150 түп терек, табиғи саябаққа 150 түп қарағаш, Қараой бағытындағы жол жиегіне 200 түп қарағаш отырғызылды.

Сондай-ақ аудан бойынша елді мекендерде көктемде егіліп, шықпай қалған ағаштардың орнына қайтадан көшеттер отырғызылды.

Айлық кезінде ауданның елді мекендер аумағы мен аулалардан 128 тонна тұрмыстық қалдық шығарылса, абаттандыру ережесін бұзған 13 адамға ескерту берілді.

Сонымен қатар 17 шақырым өзен-су жағалаулары мен 31 шақырым автокөлік жолдарының жиегі әртүрлі қалдықтардан тазартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button