Мәдениет

«Bi-art — Aqtóbe» 23 би ұжымының басын қосты

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай облыстық «Bi-Art – Aqtóbe» би байқауы өткізілді.

Мұндағы мақсат ؅— «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, соның ішінде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жастар арасында бәсекелестік қабілетті дамыту. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар сол арқылы би өнерін насихаттап, тәжірибе алмасуды көздепті.

Байқауға Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Алға, Мұғалжар, Темір, Қарғалы аудандарынан ұзын саны 23 би ұжымы қатысты. Барлығы — 370 биші.  Қатысушы би топтары жас ерекшеліктеріне қарай өзара 4 топқа бөлінді. Олар

классикалық, халықтық, эстрадалық және заманауи бағыттағы бойынша биін ұсынды.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған байқауда бірінен-бірі қалыспайтын таңдаулы өнер ұжымдарын бағалау оңай болмады. Қазылар алқасы би ұжымдарының орындаушылық шеберліктеріне, композициялық құрылымы мен киім үлгісіне көңіл бөлді. Ұзақ талқылаудан кейін топ жарғандар белгілі болды, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Сейталина.

Байқаудың қорытындысы бойынша 7 би ұжымы бас жүлдеге лайық деп танылды. Жүлделі I, II, III орындарды да бірнеше би топтары өзара бөлісті, ешқайсысы атаусыз қалмады. Жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табыс етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button