Денсаулық

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білеміз?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың,мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін,бірінші кезекте,алғашқы медициналық   көмектің  әрі жеке медицинаның  дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру-мемлекеттің,жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықтарын сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа медициналық көмек қалай көртсетіледі ?

Медициналық көмектің екі пакеті болады.

1.Тегін медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемі (ТМККК)

2.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

ТМККК – бұл көмек сақтандырылған – сақтандырылмағанына қарамастан барлық азаматтарға көрсетілетін болады.

-жедел медициналық көмек.

– санитарлық авиация.

-бастапқы медициналық – санитарлық көмек  бұл емханаларда жалпы практика дәрігері,терапевт ,педиатр сынды мамандар көрсететін қызметтер,

– стационарды алмастыратын шұғыл көмек және стационарлық медициналық көмек.

– паллиативтік көмек (туберкулез,онкология,терминалдық сатыдағы созылмалы аурулар,біреудің көмегінсіз жүріп тұра алмайтын, қамқорлыққа мұқтаж адамдар)

– әлеуметтік маңызы бар аурулар,созылмалы және айналаға қауіп төндіретін негізгі ауруларға консультативтік – диагностикалық қызмет, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрлері тегін көрсетіледі,амбулаторлық деңгейде дәрі – дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)- бұл көмек тек сақтандырылған азаматтарға ғана көрсетілетін болады:

  • Салалық мамандардың қызметі және диагностика
  • Бағасы қымбат болып келетін зерттеу әдістері (МРТ,магнитті резонанстық томография,компьютерлік томография,ПЦР,т.б.зертханалық зерттеулер)
  • ТМККК пакетінде қамтылған өзге де ауруларды амбулаторлық деңгейдедәрі дәрмекпен қамтамасыз ету
  • Стационарды алмастыратын көмек
  • Жоспарлы стационарлық көмек
  • Қалпына келтіру мақсатындағы ем-дом және медициналық оңалту

МӘМС туралы заңға сәйкес, келесідей категориялардағы азамат үшін:

  • Балалар
  • Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар
  • Жұмыс жасамайтын жүкті әйелдер
  • Уш жасқа толғанға дейін баланы тәрбиелеп отырған жұмыс жасамайтын тұлғалар
  • Жүктілікке және босануға ,жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды)күту бойынша демалыста болған тұлғалар
  • Мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс жасамайтын тұлғалар
  • Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын жұмыс жасамайтын тұлғалар
  • Зейнетақы төлемдерін алушылар,соның ішінде Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгеедектері
  • Қылмыстық – атқару жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда)сот үкімдері бойынша жазасын өтеп жүрген тұлғалар
  • Тергеу изоляторларындағы тұлғалар
  • Жұмыс жасамайтын оралмандар
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын « Батыр ана» атағын алған сондай –ақ I   және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар
  • Мүгедектер
  • Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ,жоғары , сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан тұлғалар
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жұмыс жасамайтын алушылары.

барлық шығындарды емдеу мекемелерімен жасалған шарт бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көтереді.

Жарна төлеушілерден қорға түскен қаражаттың мақсаты да тиімді, орнымен жұмсалуы ерекше маңызды.Сондықтан толық және сапалы медициналық қызмет көрсету бірінші кезектегі міндет болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button