Әлеумет

Ақпараттық топ екі ауданды аралады

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының төртінші бағыты бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық топтар Мәртөк, Ойыл аудандарын аралап, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Мәртөк ауданында 1367 тұрғынды қамтыған 12 кездесу өтті

Құрамында мемлекет қызмет ардагерлері ұйымының төрағасы Серік Ботағарин, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Миров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының кеңесшісі Талант Әділханұлы және облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов бар ақпараттық топ Мәртөк ауданының Сарыжар, Мәртөк, Қаратоғай, Саржансай, Родниковка, Жайсаң ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесулер барысында топ мүшелері ҚР Президентінің биылғы Жолдауын, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры жүйелері және т.б. мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ кездесулерде тұрғындар тарапынан атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы тағайындау, интернет, медицина қызметінің сапасы және ауызсу мәселелеріне байланысты сауалдар қойылды.

Ақпараттық топ мүшелері аудан бойынша 1367 тұрғынды қамтыған 12 кездесу өткізді.

Кездесулер барысында топ жетекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов 18 белсенді оқырманға облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» және аудандық «Мәртөк тынысы» газеттеріне тегін жазылуға сертификаттар табыстады.

Сонымен қатар қоғамдық саяси ахуалды анықтау мақсатында тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Қазіргі таңда әлеуметтік сауалнама нәтижелері зерттелуде.

Облыстық ішкі саясат басқармасының деректеріне сүйенсек, жұмыс топтарының қызметін жария ету мақсатында өткен аптада бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жалпы саны 135 материал жарияланған. Атап айтсақ, телеарналарда – 3, баспасөз беттерінде — 9, интернет ресурстарында — 14, әлеуметтік желілерде — 109. Сондай-ақ интернет кеңістігінде экстремистік сипаттағы 87 материал анықталып, бұғаттау бойынша шаралар қолданылуда.

Ойылдық 8 оқырманға тегін сертификат табысталды

 21-22 қазанда «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының төртінші бағыты бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық топ Ойыл ауданында да бірқатар жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, аудан бойынша 510 тұрғынды қамтыған 7 кездесу өткізілді.

Ақпараттық топ өкілдері Ойыл, Қаратал, Құмжарған, Көсембай, Ақжар, Кемер, Саралжын ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесулерде топ мүшелері — облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Келдібай Еспағамбетов Елбасының «Рухани жаңғыру» және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттар мен міндеттер туралы әңгімелесе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының маманы Айман Малбағарова тұрғындарға келер жылдан бастап елімізде жүзеге асырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы түсіндірді.

Шаралар соңында топ жетекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов 8 белсенді оқырманға облыстық және аудандық газетке тегін жазылуға сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының кеңесшісі Талант Әділханұлынан аталған банк арқылы төмен пайызбен облыс орталығындағы «Нұр Ақтөбе», Батыс-2 аудандарынан тұрғын үй алу мүмкіндігі туралы сұрап, кеңес алды.

Кездесулер барысында топ мүшелері тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап беріп, бірқатар тұрғынға көмек көрсетілді.

Айта кету керек, облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша Ойыл ауданына барған ақпараттық топ өкілдерінің қызметі туралы жалпы саны 76 материал жарияланған. Сондай-ақ интернет кеңістігінде экстремистік сипаттағы 33 материал анықталып, бүгінде оларды бұғаттау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button