Жаңалықтар

LED экранда — белгілі қаламгерлер

Ақтөбенің көрнекті жерлерінде біздің өңірден шыққан белгілі ақын-жазушылар бейнелері LED экран арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Атап айтқанда, В. Пацаев көшесі бойына — Тахауи Ахтановтың, Батыс-2 ауданына — Сағи Жиенбаевтың, 312-атқыштар дивизиясы даңғылына — Тобық Жармағамбетовтің, әз-Наурыз даңғылы бойына — Қуандық Шаңғытбаевтың және «Капитал Плаза» бизнес орталығы ғимараты алдына Ізтай Мәмбетовтің суреті қойылып, осы қаламгерлердің бір-бір шумақ өлеңдері мен сөздері қоса берілген.

Мысалы, Қуандық Шаңғытбаевтың суреті жанынан оның:

«Азат өлкем,

Күндей күлген шығыстан,

Асыл елім,

Жан-жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан!

Гүлстан!» — деген жыр шумағын оқисыз.

Бұл жоба Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының ұсынысы бойынша, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен іске асқан. Жобаны іске асыруға демеушілер қаражаты пайдаланылыпты.

Ал экранға әзірлеген — «АРТ-Вижен» ЖШС. Сондай-ақ, осы фирма жоба демеушілері қатарында да бар.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button