Әлеумет

Жобаның тоғызыншы кезеңі басталды

Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудың тоғызыншы сатысы басталды. 7-24 қазан аралығында топ мүшелері облыстың 6 ауданында жұмыс жасап, түрлі кездесулер өткізеді.

Жобаға жауапты мамандардың айтуынша, халықпен жұмыс жасау кезінде негізгі басымдық өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, діни экстремизмді болдырмау, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, өңірдегі бизнес ортаны дамыту сияқты жұмыстарға берілмеді.

Жалпы жоба аясында 15 000-ға жуық адамды қамтитын 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде бірнеше азаматқа түрлі бағытта көмек көрсетілу жоспарлануда.

1-бағыттың 1 жұмыс тобымен мешіт жамағаттары арасында 70-ке жақын шара өткізу көзделсе, 1-бағыттың 2-ші жұмыс тобының негізгі мақсаты кәсіпкерлік ортаға тарту бойынша жүйелі проблемаларды анықтауға, ауыл кәсіпкерлеріне нақты көмек көрсетуге бағытталған.  Бұл бағыт бойынша жоспарға сәйкес 60 іс-шара өткізіп, нәтижесінде 1400-ден астам адамды қамту жоспарланып отыр.  Ал 1-бағыттың 3- жұмыс тобының негізгі мақсаты — тұрғындармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік қажеттілігін анықтау және шешу. Бұл ретте барлығы 75 іс-шара ұйымдастырылып, 2 мыңнан астам адам қамтылады. 1-бағыттың 4-ші жұмыс тобы  қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры мәселелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінгі таңда жоба Әйтеке би мен Хромтау аудандарын қамтып өтті. Нәтижесінде 2 аудан бойынша 8222 адам қамтылып, 296 іс-шара өткізілді. 79 адамға әртүрлі сипатта көмек көрсетілді.

Жат ағымға жол жоқ!

8 қазан күні жобаның бірінші бағытының бірінші жұмыс тобы халық арасында діни тұрақтылықты қалыптастыру, діни экстермистік және террористік көріністердің алдын алу мақсатында Әйтеке би ауданында 26 іс-шара ұйымдастырып, 720 адам қамтыды. Аудандағы 7 адаммен жеке кездесу ұйымдастырылып, теология-психологиялық кеңес берілді.  Атап айтар болсақ, Жабасақ селолық округінде ауыл тұрғындарымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында, Қарабұтақ ауылында мектеп және көпсалалы колледж оқушыларымен «Зайырлы қоғам құндылықтары», «Жасөсіпірім және заң» тақырыптарында кездесу болды. Сонымен қатар «Бірлігі жарасқан жамағат» атты спорттық ойындар ұйымдастырылып, аудандық мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан сайыс өтті.  Бұдан өзге, аудандық орталық мешітте «Исламдағы сенімді мәселелер» тақырыбында кездесу өтті. Аталған топ өкілдері 9-10 қазан күндері Хромтау ауданында болып, 1144 адамды қамтыған 53 шара өткізді.

Мамандар ауданның 33 тұрғынымен жеке кездесу өткізіп, теология-психологиялық кеңес берді. Бұдан өзге ауданның мәдениет саласының қызметкерлерімен «Дін және мәдениет» тақырыбында, тау-кен колледжінің оқушыларымен «Дін жастардың көзімен» тақырыбында кездесу өтіп, «Өкініш» атты деректі фильм көрсетілді.

Хромтау қаласындағы  мектептермен қатар  Табантал, Ақжар селолық округтерінде жоғарғы сынып оқушылары арасында «Жастар арасындағы құқықбұзушылық және діни экстремизмнің алдын алу», «Діни тұрақтылық — қоғам қауіпсіздігінің кепілі», «Дін және қоғам» тақырыптарында кездесулер өтті. Бұдан өзге кездесулер «Ақтөбе Мыс компаниясының» қызметкерлері мен аудандық аурухана дәрігерлері арасында да ұйымдастырылып, діни тұрғыда толық мағлұлат берілді.

Екі ауданда ұйымдастырылған шаралардың барлығында «Аңсар» ақпаратты-талдау орталығы жанынан әзірленген буклеттер мен арнайы діни кітаптар таратылды.

 Кәсіп ашу жолдары түсіндірілді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының 1-бағытының 2-ші жұмыс тобы «Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша топ мүшелері 8 қазан күні Әйтеке би ауданында,  9-10 қазан күндері Хромтау ауданында болып, бірқатар іс-шаралар өткізді. Айта кетейік, бұл бағыт аясында мамандар тұрғындарға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен көмек туралы айтып, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Аталған бағыт бойынша Әйтеке би ауданының Қарабұтақ пен Комсомол ауылдарында 14 іс-шара ұйымдастырылып, 233 адам қамтылып, 12 бизнес субъектісіне нақты көмек көрсетілді.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы өз кәсібін бастағысы келетін тұрғындармен кездесу өткізіліп, «Бизнестің жол картасы — 2020», «Игілік», «Сыбаға», «Кәсіпкер», «Іскер», «Агротехника», «Лизинг» бағдарламалары туралы түсінік берілді.

Сонымен қатар Әйтеке би тұрғындары үшін бизнес ашу бойынша түрлі семинар-тренингтер ұйымдастырылып, жеке қабылдау өткізілді.

Жоба аясында өз кәсібін бастағысы келетін хромтаулықтар үшін де бірқатар шаралар ұйымдастырылды. 15 іс-шара аясында 440 адам қамтылып, 3 бизнес субъектісіне нақты көмек көрсетілді.

«Зере тур» агенттігінің ұйымдастыруымен «Жол бойында сервистер мен қонақүйлер ашу» тақыбырында семинар-тренинг ұйымдастырылып, дін жолында жүрген қыз-келіншектер үшін «Тігін ісі» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Бұдан өзге, аудандағы шаруа қожалықтарының басшыларымен дөңгелек үстел өтіп, студенттер мен кәсібін енді бастаймын деушілерге мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.

1977 адам қамтылып, 57 тұрғын медициналық көмек алды

Жобаның үшінші бағыты — әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Әйтеке би мен Хромтау аудандарында барлығы 58 іс-шара ұйымдастырылып 1977 адам қамтылды. Ал екі ауданның 57 тұрғынына нақты медициналық көмек көрсетілді.

Аудандағы медициналық мекемелерде Ашық есік күндері ұйымдастырылып, екпеден бас тартқан отбасыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Екі аудандағы бірнеше аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмек берілді.

Сондай-ақ жоба аясында Әйтеке бидің 20, мен  Хромтау ауданының 9 жұмыссыз тұрғыны уақытша және маусымдық жұмыспен қамтылып, жұмыс берушілер арасында еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Газеттерге тегін жазылды

 Жобаның 1-бағытының  4-ші жұмыс тобы  қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры мәселелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жоба аясында екі аудан бойынша 57 іс-шара өтіп, 1600-ден астам адам қамтылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов бастаған жұмыс тобы аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

Хромтаулық — 8, әйтекебилік 14 белсенді оқырманға республикалық, облыстық және аудандық газеттерге тегін жазылуға сертификаттар берілді.

Жобаның 2-бағытының 5-ші жұмыс тобы қос ауданда барлығы 2189 адамды қамтыған 46 іс-шара өткізді. Бұл бағыт бойынша құқық қорғау органдарының өкілдері түрлі кездесулер ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Р.S. Бұл — «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында әзірге тек екі ауданда ғана жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижесі. Жоспар бойынша жоба 24 қазанға дейін жалғасып, Қарғалы, Мәртөк, Ойыл және Қобда аудандарының тұрғындарын қамтымақ.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button