Денсаулық

Темірде дәрігерлік амбулатория ашылды

Темір қаласының 150 жылдығына орай Темірде дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа емдеу мекемесі күніне 50 адамды қабылдай алады. Бұрынғы ғимарат өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынғандықтан, әбден ескірген. Дәрігерлер еркін  жұмыс жасай алмайтын. Ал жаңа амбулаторияның іші кең әрі жарық. Медицина қызметкерлерінің алаңсыз  жұмыс жасауына жағдай жасалған.

Күндізгі стационарда ем қабылдау үшін алты кереует қойылған. Ғимарат  жергілікті бюджет есебінен салынды. Құрылыс жұмыстарына 72 миллион теңге жұмсалды, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ғимараттың ашылуында облыс  әкімі аппаратының жетекшісі Нұржауған Қалауов дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері Венера Шамсутдиноваға санитарлық көлік сатып алу үшін 5,9 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Биыл облыста 6 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Оның екеуі іске қосылса, қалғанының құрылысы жүруде.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button