Жаңалықтар

Жаңа басшылар тағайындалды

Облыстағы бірқатар мемлекеттік органдарға жаңа басшылар тағайындалды, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні өткен аппараттық жиында облыс әкімі Оңдасын Оразалин жаңа лауазым иелерін таныстырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің  Бәсекелестікті қорғау және дамыту Комитеті Төрағасының бұйрығымен Сағындық Ерғалиев ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша депаратаментінің басшысы қызметіне, ал Ақтөбе облысы әкімінің  өкімімен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Евгений Гончаров тағайындалды.

Сағындық Ерғалиев 1976 жылы туған. Білімі жоғары, 1999 жылы Батыс Қазақстан облысының «Ауылшаруашылық» университетін «Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының экономист-менеджері» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында Қаржы бөлімінің бюджет бойынша бас экономисі болып бастаған. Әртүрлі жылдар «ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» ММ БҚО аумақтық бөлімінің бастығы,  «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған  38 жастағы Евгений Гончаров 2004 жылы  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Денешынықтыру, спорт жаттықтырушы» мамандығы бойынша,  2016 жылы Орынбор мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде велоспорт жаттықтырушысы болып бастаған. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Облыс әкімі жаңа қызметке тағайындалған азаматтардың жұмысына сәттілік тілеп,  артылған жауапкершілікті ойдағыдай жүзеге асырады деген сенімін білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button