Жаңалықтар

Басты басымдықты айқындаған құжат

Халықпен қоғамдық диалог орнатып, олардың мұң-мұқтажына назар аудару — мемлекеттік органдардың негізгі басымдықтарының бірі. Бұл Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да айтылды. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру — бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Бұл бағытта Темір ауданында да нақты жұмыстар жасалып жатыр. Аудан әкімі мен оның орынбасарларына, бөлім басшыларына аудан тұрғындары кез келген уақытта өз шағымдары мен көкейлерінде жүрген мәселелерін айтып келе алады. Сонымен қатар аудан әкімдігі мен әкімінің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы аудан орталығынан жырақта жатқан ауыл тұрғындары өз сауалдарын жолдай алатын мүмкіндіктері бар. Өз өтініштерін айтып келетін бірде-бір тұрғынның сөзі жауапсыз қалмайды.

Мықты мемлекет болу үшін мамандардың кәсіби тұрғыда сауатты, жан-жақты болуы міндетті. Осы ретте Президент мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар кадрларды тарту қажет екендігін айтып, 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуды тапсырды.

Ал одан үнемделген қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсалады. Бұл мемлекетке адал қызмет ететін кадрларды бір серпілтіп тастады. Өйткені қай салада болмасын күні бойы маңдай терімен қызмет ететін қызметкерлер бар. Сондай-ақ жұмысқа тек сағатын өткізу үшін келетін адамдардың да барын жақсы білеміз. Сондықтан мемлекеттік қызметті әрі қарай дамытамыз десек, осындай азаматтардан арылып, жоғары білікті нағыз жұмыс жасайтын кадрларды алып қалуымыз керек.

 Қайрат ӘЛЖАН,

Темір ауданы әкімі аппаратының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button