Мереке

Бүгін — кәсіподақтар күні

Облыс Кәсіподақтар орталығы мен облыстық кәсіподақтар Қазақстан Кәсіподақтар күнін атап өтуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуде.

Іс-шаралар аясында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, спорттық-бұқаралық іс-шаралар, слеттер, конкурстар, еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесулер, қайырымдылық акциялар және салтатанатты шара ұйымдастырылады.

Кәсіподақ қатарында білімдерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, кәсіподақ қолдау көрсетіп жүрген жас қазақстандықтар саны көбеюде.

Сондықтан 3 қазанда ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеу және Жастар жылы қарсаңында жас жұмысшылар арасында алғаш рет «Викторина сайысы» (Quiz, please) өткізілді.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Осыған байланысты шағын футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында облыстық спартакиада өткізу жоспарлануда. Оған облыстың барлық аудандарынан екі мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.

Негізгі салтанатты шара «Жұбановтар әлемі» мәдениет және өнер шығармашылық орталығында өтеді, оған облыстың барлық салаларынан 200-ден астам адам, сондай-ақ еңбек ардагерлері, әлеуметтік серіктестер және БАҚ өкілдері қатысады, онда Ақтөбе тұрғындары қазіргі кәсіподақтардың қызметі туралы мәлімет ала алады.

Жыл сайын Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары кәсіподақ қозғалысын насихаттауға және кәсіподақ қатарына жаңа мүшелерді тартуға бағытталған іс-шараларды өткізеді.

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы ҚР Кәсіподақтар Федерациясының мүшелік ұйымы бола отырып, қазіргі уақытта 1,1 мыңнан астам бастауыш, 25 салалық және жергілікті кәсіби ұйымдардың, 1 облыстық ұйымның жұмысын біріктіреді және үйлестіреді, оларда 130,0 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button